Windows жүйесінің негізгі мүмкіндіктері мен атқаратын қызметі
Windows — Microsoft фирмасы жасап шығарған операциялық жүйе.
Операциялық жүйе немесе система (ОС) – дербес компьютердің жұмысын басқару мен программалардың орындалу процесін қамтамасыз ететін программалар тобы. Қазіргі кезде Windows операциялық жүйелері ІВМ-мен үйлесімді жұмыс істейтін компьютерлердің барлығында қолданылады, олардың мынадай түрлері жиі пайдаланылады: Windows 95/98, Windows NT, Windows 2000 және Windows ХР. Бұлардың бір-бірінен аздап айырмашылықтары болғанымен, жалпы жұмыс істеу ережелері өте ұқсас болып келеді.
Windows 98 (одан кейінгілері де) жылдам істейтін 32-разрядты графикалық интерфейсі бар, желілік құралдармен жабдықталған операциялық жүйе болып табылады.Сондықтан бұл ортада мәліметтер жеңіл көшіріледі (тасымалданады); олар көптапсырмалы (көпесепті) және көппроцессорлы режимдерді, желі архетектурасын сүйемелдеп алады; жеңіл өзгертілетін (кеңейтілетін), сенімді, әрі ақаусыз жұмыс атқарып, басқа программалармен үйлесімді түрде байланыса алатын жүйе саналады.
Көпесептілік– бір процессорды көптеген қолданбалы программалар мен ақпарат ағындарын қатар өңдеуге пайдалану (егер қолданбалы программалар жеке орындалатын компоненттерге жіктелсе, соларды да қатар орындау) қасиеті.
Көппроцессорлық өңдеу – компьютерде бірнеше процессорлардың қатар жұмыс атқаруы, олардың әрқайсысын бір-бірден, бір мезгілде бірнеше есептерді орындауға болатынын көрсетеді. Тұтынушылардың интерфейстерін (сұхбаттасу элементтерін) қолдану бағытына сәйкес Windows графикалық жүйеге жатады. Ал графикалық емес операциялық жүйе мысалы ретінде бұрынгы MS DOS жүйесін айтса болады.
Windows компьютер іске қосылысымен автоматты түрде жүктеліп жұмысқа кіріседі. Ол үшін ОС дискінің арнайы бір бөлігіне жазылып, оны жүктейтін программалық код та бірге жазылады.
Windows операциялық жүйесімен жұмыс істеу негіздері. Тұтынушы интерфейсі.Windows жүйесі мен тұтынушы арасындағы мәлімет алмасу ортасы(интерфейсі)төмендегідей негізгі элементтерден тұрады:
· Жанама немесе контекстік меню(тышқан оң жақ батырмасын шерту арқылы шығады);
· Windows қолданбалы программаларының меню жүйесі;
· Windows анықтамалық жүйесі.
Windows98/2000 жұмыс үстелі. Windows экраны жұмыс үстелі деп аталатын алғашқы көріністен, яғни жүйелік обьектіден тұрады. Жұмыс үстелі-Windows жүйесінің басқа обьектілері мен басқару элементтері орналасатын графикалық орта. Алғашқы көріністе жұмыс үстелінде бірнеше стандартты белгішелер (значки) мен Тапсырмалар тақтасын (панель задач) көреміз. Белгішелер — Windows обьектілерінің графикалық бейнесі, ал тапсырмалар тақтасы — басқарудың негізгі элементтерінің бірі.көптеген командалар тышқан арқылы орындалады. Экранда тышқан сілтемесі (меңзері, курсоры) деп аталатын активті басқару белгісі тұрады. Обьектінің белгішесі — обьектінің графикалық бейнесі.
Windows файлдары және бумалар.Windows жүйесінде файлдарға қойылатын ат 255 символға дейінгі кез келген сөз тізбегінен тұрады. Файлдың атынан соң нүктемен бөлініп оның типі жазылады.
Файл атрибуттары деп дискіде сақталып тұратын файлдың сипаттамаларын айтады.Жалпы атрибут файл қасиеттерін анықтайтын параметрлер, олар төртеу:
· Файлдың жазылған немесе соңғы өзгертілген мерзімі(дата мен уақыт);
· Файлдың байтпен берілген көлемі;
· Файлдың қорғаныс деңгейлері, олар оның маңыздылығын анықтайды:
o Архивті(Archive)файл-оқуға,өзгертуге,өшіруге болатын қарапайым файл;
o Тек оқу үшін (Read onlu) қолданылатын, өзгертілмейтін, көпшілік қолдануға арналған файл;
o Жасырын (Hidden) сақталатын, басқаларға көрсетілмейтін файл;
o Жүйелік (Sustem) файл-ол әрі жасырын, әрі тек оқылуға арналған комьпютерлік жүйеге керекті мәліметтер файлы;
Терезе құрылымы. Бума терезесінде төмендегідей міндетті түрде болатын элементтер орналасады:1.Тақырып жолы (Строка заголовка) – оның бойында Жүйелік батырма белгішесі (Cистемный значок), ашылған құжат пен оны ашқан программа аттары, терезе көлемін басқару батырмалары ( 



Файлдар құрылымымен атқарылатын әрекеттер.Бұларға файл құрылымы бойынша жылжу, программаны іске қосу, құжаттарды ашу, бумаларды құру, файлдар мен бумаларды көшіру және жылжыту, файлдар мен бумаларды өшіріп тастау немесе аттарын өзгерту, жарлық белгішелерін құру әрекеттері жатады.
Менің компьютерім жүйелік бумасы. Бұл бумада құжаттың немесе программаның жарлығын құру үшін объектінің белгісін керекті орынға тышқанның оң жақ батырмасы арқылы тасымалдау жүргізіледі немесе контекстік меню арқылы Жарлық құру (Создать Ярлык) командасы орындалады.
Сурет Менің компьютерім терезесі элементтері.
Проводник (Сілтеуіш) программасы. Бұл файлдар диспетчері категориясына кіретін қызмет ету прогаммасы.Ол файл құрылымы бойынша жылжу немесе оған қызмет ету үшін пайдаланады. Программа Пуск –Программы — Проводник командасы арқылы іске асады.
Файл құрылымы бойынша жылжу. Бұл әрекет керекті бума мен оның мазмұнын көру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Программаны іске қосу және құжаттарды ашу.Бұл операция программаның оң жақ тақтасындағы программаның немесе құжаттың белгішесін екі рет шерту арқылы орындалады .
Бума құру. Жаңа бума құру үшін алдымен, Сілтеуіштің (Проводниктің) сол жақ тақтасынан жаңа бума ашылатын керекті дискіні (немесе буманы) таңдаймыз, яғни оны ашу керек. Содан кейін оң жақ тақтаға көшіп, белгішелерден бос аймақта тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, (немесе контекстік менюден) Создать- папку командасын орындаймыз.
Файлдар мен бумаларды жылжыту және көшіру.Көшірме алынатын түпнұсқалықмәліметтің белгішесін оң жақтағы тақтада шертіп белгілеп алып, оны тышқан арқылы сол жақтағы тақтада орналасқан қабылдап алатын бумаға тасымалдау керек. Тасымалдау кезінде Ctrl пернесі басылып тұрса, мәлімет көшіріледі де, ал Shift-басулы күйде болса әліметтер орын ауыстырып жылжып кетеді.
Файлдар мен бумаларды өшіру. Сілтеуіш программасының сол жақтағы тақтасында өшірілетін обьект орналасқан буманы тандап, ал оң жақтағы тақтадан керекті обьектіні белгілейміз. Сонан соң меню арқылы Файл-Удалить командасын немесе контекстік менюдегі Удалить командасын орындаймыз. Бұл әрекетті Аспаптар тақтасындағы командалық батырманы немесе Delete пернесін басу арқылы да орындауға болады. Обьектімен жұмыс істегенде алмасу буферін пайдалану.Windowsжүйесінде мәліметтерді бір программадан екінші программаға орын ауыстыру немесе көшіру үшін алмасу буфері деп аталатын қосымша жад қызмет атқарады.Алмасу буферімен жұмыс істеу принциптері:
1. Мәліметтердің түпнұсқасы орналасқан буманы ашамыз да, керекті обьектіні ерекшелеп белгілейміз;
2. Белгіленген обьектіні буферге қиып немесе көшіріп аламыз.
3. Қабылдауыш буманы ашып оған буфердегі обьектіні орналастырамыз.
Обьектілерді бейнелеу тәсілдері.Сілтеуіш және Менің компьютерім программасында обьектілерді терезе ішінде көрсетудің төрт түрі бар: ірі белгілер арқылы; ұсақ белгілер арқылы; тізім түрінде; кесте түрінде.
Обьектілерді реттеп орналастыру ісі деWindows жүйесінде төрт түрлі тәсілмен орындалады: Аттарын алфавит бойынша реттеу; Типтерінің атын алфавит бойынша реттеу; Файл немесе буманың құрылу мерзімі бойынша реттеу.
Бас меню құрылымы. Бас меню ішіне операциялық жүйе басқаруындағы барлық программалар мен құжаттарды орналастыруға болады. Оның негізгі сатысының құрамын міндетті түрде және айнымалы түрде орналасатын мәліметтер деп екіге бөлу қалыптасқан. Айнымалы бөлім айыру сызығынан жоғары орналасады.Оның құрамдын тұтынушы өз еркімен құра алады.
Windows программаларын орнату және алып тастау.Ол үшін Басқару тақтасы (Панель управления) бумасындағы Установка (Орнату) және Удаление программ програманы алып тастау жарлықтары қолданылады.Қолданбалы программаларды орнатудың стандартты құралдары Олар Пуск (Жіберу) – Настройка (Баптау)- Панель управления (Басқару панелі) -Установка (Орнату) командасымен іске қосылады.
Windows программаларын алып тастау.Свойства (Қасиеті) диалогты терезе құралдарымен іске асырылады: Установка (Орнату) және Удаление программ.
Жабдықтарды орнату. Жабдықтар аппараттық және программалық болып екіге бөлінеді.
Программалық жабдықтар орнату. Басқару тақтасы терезесіндегі Установка оборудования (Жабдықтарды орнату) белгісін екі рет шерту арқылы жіберіледі. Жаңа жабдық компьютер өшіп тұрған кезде қосылады.Егер өзі орнатылатын құрылғы болса, онда ол автоматты түрде білінеді, белгісіз құрылғы анықталады деген хабар тиісімен, операциялық жүйе ол үшін драйвер таңдап бастайды.
Нег.әдеб. 4 нег. 29, 7 нег. 37
Қос.әдеб. 2 қос. 12, 3 қос. 20
Бақылау сұрақтары:
1. Операциялық жүйелердің атқаратын қызметі?
2. Кең қолданылып жүрген операциялық жүйелер қандай ?
3. Магнитті дискілер қалай белгіленеді? В: дискісі неге қолданылмайды?
4. Файл дегеніміз не? Ол нені көрсетеді? Windows-те неге файл типі сирек қолданылады?
5. Файл атрибуттары деген не? Оларды атап шығыңыздар ?
6. Файлды топтап белгілеу үшін қандай символдар қолданылады?
7. Каталог пен буманың және каталог пен файлдың айырмасын айтып беріңіздер?
8. Бұтақ тәріздес файл құрылымы деген не?
9. Файл маршруты қалай құрылады?
10.Файл маршрутындағы диск аты неге кейде көрсетілмейді?
11. Windows жүйесінің ерекшеліктері.
Windows жүйесінің негізгі обьектілері және тәсілдері қандай?
Windows терезесі элементтері құрамы.
Файл дегеніміз не? Файл құрылымы қалай ұйымдастырылған?
Менің компьютерім және Сілтеуіш программаларының ұқсастығы мен айырмашылығы.
Басты менюдің қызметі және құрылымы?
Windows спецификасының ерекшеліктері және Windows программаларын орнату және алып тастау операциялары.
Windows 10 туралы қазақша ақпараттар мен деректер, мәліметтер керек?
Пікір қосу үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Сіздің жауабыңыз
1 жауап
Windows 10 — Microsoft корпорациясының отбасындағы, компьютерлерге арналған операциялық жүйесі. 2014 жылы Қытай мемлекеттік мекемелердің Windows 7-ден Windows 8-ге ауысуына қатаң тыйым жасаған болатын. Ондағы басты себеп – мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін сақтау. Ал, күні кеше сатылымға шыққан Windows 10 операциялық жүйесі қолданушылар үшін қаншалықты қауіпсіз (ақпараттың құпиялылығы тұрғысынан), қаншалықты тиімді әрі жаңа жүйені орнатар алдында не нәрсені есте ұстау керек?
ArsTechnika сараптамалық интернет-басылымы жүргізген зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай,Windows 10 өз қолданушыларының деректерін Microsoft серверіне жіберіп тұрады екен, тіпті оның параметрлерін «құпиялылық» режиміне қойғанның өзінде. Бұл OneDrive және Microsoft-тың өзге де сервистері үшін қажет, дейді мамандар. Алайда, OneDrive өшірулі жағдайда және Microsoft есептік жазбасына қосылған жергілікті тораптың (локальная сеть) аккаунты арқылы серверге қосылғанның өзінде Windows 10 операциялық жүйесі деректерді жіберіп тұрады екен. Әйтсе де, Microsoft компаниясы ресми түсініктемеде сарапшылардың бұл пікірін жоққа шығарып отыр. Компанияның ресми түсініктемесінде: «Windows қолданушының рұқсатынсыз жеке деректерді жинамайды. Microsoft сервері Windows-тың жұмысын жақсарту мақсатында және операциялық жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін Windows-тің қолданылуы, диагностикасы мен өнімділігі жөнінде кейбір деректерді жинайды. Microsoft бұл деректерді ақаулар туындаған жағдайда оларды жөндеу үшін пайдаланады,» — делінген.
Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, Windows 10 операциялық жүйесін орнатуға нақты шешім қабылдасаңыз, келесі мәселеге назар аударыңыз.
Windows 10 орнату үшін компьютерге қандай талаптар қойылады?
Microsoft-тың ресми парақшасында егер сіздің компьютерінің Windows 8.1. талаптарына сәйкес келетін болса жеткілікті, делінген. Егер бұл ақпарат аздық етсе, төменде жаңа жүйені орнату үшін компьютерге қойылатын талаптардың тізімі келтірілген:
Процессор: ең кемінде1 ГГц.
Жедел есте сақтау құрылғысы (ОЗУ): 32 разрядтық жүйе үшін 1 ГБ., 64 разрядтық жүйе үшін 2 ГБ.
Қатты дисктегі бос орын: 16 ГБ.
Видеоадаптер: WDDM драйвері бар Microsoft DirectX 9 графикалық құрылғысы.
Бұдан бөлек, міндетті түрде Microsoft есептік жазбасы мен интернет қажет болады.
Менің компьютерім бұл талаптарға сәйкес келе ме?
Ия, қарапайым қолданушылар үшін, жоғарыда аталған талаптарды тексеру қиындау. Сол себепті, Microsoft компаниясы Get Windows 10 атты жаңа құрал ойлап тапты. Ол Windows 10 орнатуға болатын барлық компьютерлерде хабарлама ретінде автоматты түрде шығып тұрады. Бастысы компьютерінің интернетке қосылулы және «автоматты жаңартулар» қызметі белсенді болуы керек.
Windows 10 қолданар алдында тағы нені білген жөн?
Егер сіз дәл қазіргі уақытта Windows 7 SP1 немесе Windows 8.1. операциялық жүйесінің қолданушылары болсаңыз, Windows Update жүйесі арқылы Windows 10 жүйесін тегін жаңарта аласыз. Осы кезде төмендегілерді есте ұстаңыз:
Жаңарту Windows 10 сатылымға шықан алғашқы 12 айдың ішінде жүзеге асырылу керек.
Windows 10 операциялық жүйесі әртүрлі бірнеше түрде шығарылады: Windows 10 Home, Mobile, Pro, Enterprise, Mobile Enterprise, Education.
Windows XP пен Vista қолданушылары егер олардың құрылғыларының техникалық сипаттамалары минималды талаптарға жауап беретін жағдайда ғана Windows 10 қолдана алады.
Жаңадан шыққан Windows 10 жүйесін біреулер мақтаса, біреулер сынға алып жатыр. Ал, сіз жаңа операциялық жүйе туралы қандай пікірдесіз?
Ақпарат дереккөздері: lifehacker, hi-tech сайттары
Windows дегеніміз не казакша малимет
I. Кіріспе бөлім:
Windows туралы жалпы мағлұмат .
II.Негізгі бөлім:
Windows жүйесінің негізгі функцялары;
Windows жүйесінің негізгі ұғымдары;
Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері;
Windows -ті іске қосу;
Windows -тің анықтамалық жүйесі;
Windows жүйесінің стандартты программалары.
Windows операциялық жүйесі.
Бұрынғы компьютерлерде кең тараған MS(PC)-DOS операциялық жүйесі болатын. MS-DOS операциялық жүйесінің бір адамның жұмыс істеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешеді,компьютердің тек 640Kб жедел жадын ғана(RAM) пайдалана алады.
MS-DOS операциялық жүйесі соңғы версиялары қолданбалы программаларға 1Mб -тан артық жедел жадын қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу мүмкіндігін беретін, кейініректе шыққан сервистік программалармен толықтырған болатын.Адам мен компьютер арасындағы байланыстырушы қызметін,яғни пайдаланатын негізгі интерфейс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарады.Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ -ді басқаруға арналған жүзден аса командалар,пернелерден енгізіліп барып орындалады.Командаларды жазу тәртібі өте күрделі,кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де,көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды.Осыдан барып,адам мен компьютер арасындағы байланысты жеңілдету үшін әттүрлі жүйелік қоршаулар қарастырыла бастады. Бірақ олар негізінен мәтіндік режимде (ең кең таралғандардың бірі- Norton Commander) жұмыс істейтін еді. Бұларда бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі де қиын командаларды термей-ақ,тікелей орындау жүзеге асырылды. Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті,яғни қажет информацияны жылдам әрі тез тауып,оның мазмұнын қарауға және онымен жұмыс істеуге септігін тигізеді.
DEC фирмасы компьютерлердің операциялық жүйесі ретінде UNIX қолданылды. Бұлар үлкен.орташа ЭЕМ-дерде жұмыс істеді.UNIX операциялық жүйесінің MS-DOS жүйесінен негізгі артықшылығы-оның бір мезетте бірнеше мақсатты шешу мүмкіндігі,яғни бірнеше программаларды паралель орындау қасиеті.
80-ші жылдардың ортасында MS(PC)-DOS -тың кемшілігінен арылу үшін, Microsoft фпрмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды. Солардың бірі WINDOWS жүйесі болатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төмендігімен түсіндіруге болады.80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла бастаған WINDOWS графикалық ортасының жаңа версиялы Windows 3.1 бірте-бірте бұрынғы мәтіндік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады. 80486 сериялы процессордың шығуына байланысты дербес компьютерлердің көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3.1 немесе одан кейінгі Windows 3.11 версиялы MS-DOS операциялық жүйесі тағайындала бастады.
Microsoft корпорациясының ОС даярлау жолындағы келесі елеулі қадамы болып, ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күйінде емес,сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады. Осылайша Windows95,Windows 98 және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды.Windows95 жүйесінің,Windows NT жүйесінің соңғы версияларының графиктік интерфейс стандарттары Windows 3.1 жүйесінің стандартынан өзгешеге түрге енді,бірақ идеологиясы бұрынғыша сақталған болатын. Windows 3.1-ден Windows95-ке өту әрине MS-DOS-тан бірден Windows95-ке қарағанда біршама жеңіл.
Windows жүйесінің негізгі функциялары
Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді:
• компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
• файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
• қолданбалы программаларды іске қосу; бұған қоса Windows жүйесі:
• бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
• әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды;
• масштабталатын қаріптерді қолдануды;
• мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;
• бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолданудықамтамасыз ете алады.
Windows жүйесінің негізгі ұғымдары
Терезе — Windows жүйесіедегі ең негізгі ұғым болып саналады. Экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы,онда әртүрлі программалар орындалады,кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі.
Терезе шекаралары- бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан,ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі төртбұрышты аудан-терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағында әртүрлі информация болады:орындалатын программа,өңделуге арналған мәліметтер,басқа кішігірім терезелер және т.б.
Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады. Информация көп болса терезеге сыймай қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады.
Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:
• толық экранды терезе,яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады.
• Белгіше (пиктограмма) түрінде,яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.
Жұмыс столы-қазіргі барлық операциялық жүйелер(Windows, OS/2, Macintosh компьютерлеріндегі OS,SUN компьютерлеріндегі OS,т.б) интерфейсінің элементі болып табылады.
Windows ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны атқарады.
Белгіше(Icon)- бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файылды т.б бейнелеп тұруй мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді. Ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынандай белгішелер кездеседі:
• қосымша қолданбалы программалар белгішесі;
• белгілі бір топтар белгішесі;
• функциялар белгішесі.
Жарлық(shortcut)- бұл белгілі бір обьектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы,жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады,тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға,файлды жылдам ашуға болады және т.б. Жарлықты пайдаланғанда негізгі обьектілердің өздері (файлдар,каталогтар және т.б)өз орындарында еш өзгерусіз тұрады. Ал сол обьектілермен қатынас жасау shortcut файлында сақталған информацияның көмегімен іске асырылады. Мысалы,егер жұмыс столында файлдың(каталогтың) өзі орналастырылған болса,онда олардың бірін жою командасын қолданған кезде ол дискіден жойылады. Ал егер де сіз жұмыс столынан shortcut белгішесін орналастырып, оны арнан өшірсе онда жарлық беріп тұрған командалық файл жойылады да,бастапқы файлдар ешбір қалаусыз қалады.
Бума (folder) экранда каталогтарды (Windows 98 ) және программалық топтарды (Windows 3.1) белгілеу үшін қолданылды. Мұның мағынасы мынада:каталог пен программалар тобы белгілі бір обьектілерді орналастыруда қолданатын контейнер болып табылады. Бума -каталог, дирокторий ұғымының баламасы.Каталог – файлдарға арналған контейнер,программалық топ -жеке программаларға арналған контейнер,т.с.с
«Тышқан» Windows ортасында пернелер тақтасының көмегімен жұмыс істеуге болады. Бірақ тышқан тетігімен басқарылатын графиктік сілтемені (Point) немесе олардың комбинацияларын (бірге) қолдану өте тиімді.
Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Жұмыс барысында негізінен оның сол жақтағы,кейде оң жақтағы батырмасы пайдаланылды.
Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция-экран бетімен курсордың (сілтеменің) қозғалуы болып табылады.
Келесі операция -шерту(Click). Бұл операция сілтемені экран бетіндегі қажетті элементке апарғаннан кейін орындалады.
Күрделі операция тышқанның сол жақ батырмасын. Жылдам екі рет шерту.(Double-click) Келесі операция -тасымалдау (Drag & Drop). Ол терезелермен шертпелердің орнын ауыстырады,яғни басқа орынға тпсымалдайды,терезелердің ұзындығы мен енін өзгертуде қолданылады.
Мәлімет алмастыру буфері
Өзінің жұмысістеуі кезінде Windows жүйесі программалар мен құжаттар мәліметтер алмасуға арналған комьютердің жедел жадының арнаулы бөлігін алмастыру буфері (Clipboard) ретінде пайдаланады. Буфер (дәнекер жады) әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында керекті шағын көлемді мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін пайдаланылады.
Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері
Жұмыс істейтін әрбір адамға арналған стандартты интерфейс.
MS-DOS операциялық жүйесінде жазылған программалардың өзіндік интерфейсі олар: меню жүйесі(көлденең, сырғып түсетін, қалқып шығатын,иерархиялық), сұхбаттасу тәсілдері(мәліметтерді енгізу, варианттарды таңдау)және т.б.
Мұндай тәсіл жаңа программаларға көшкен сайын әрбір адамға қайта үйрену қажеттілігін туғызады.
«Point -and -Click» (көрсету және шерту)принципі. Бұл принцип бойынша графикалық технологиядағы көптеген операцияларды орындау үшін тышқан сілтемесін экран элементіне апарып,оның сол немесе оң батырмасын шерту жеткілікті. Бұл тәсілмен төмендегі әрекеттерді орындауға болады.
• Программа немесе құжат терезесінің аумағын кішірейту,үлкейту, және бұрынғы қалпына келтіру;
• көлденең орналасқан меню пунктерін таңдау;
• экранға шығатын меню командаларын таңдау;
• мәліметтері бар тізімнің бір жолын белгілеу;
• командалық батырманы басу,таңдау;
• ауыстырып қосқыштың мәніни өзгерту;
• мәтіндік информацияны енгізу кезінде курсордың орналасуын зерттеу;
• мәтін енгізілетін өріс жолдарының бірін таңдап,оған мәлімет енгізу және көптеген басқа өрекеттер;
Selekt(ерекшелеу,белгілеу)принципі.
Windows- тің анықтамалық жүйесі.
Программалық жабдықтар интерфейсіндегі негізгі элемент болып оның анықтамалық жүйесі саналады, онда әрбір адамға қажетті информация толық түрде болуы тиіс. Windows ортасының бір артықшылығы ретінде оның анықтамалық жүйесінің барлық программалық қолданбалар үшін бірдей етіп құрастырылған. Сондықтан біз программаның анықтамалық жүйксімен таныс болса, қалғандарының құрылымы да сондай болғандықтан, керекті информацияны қиналмай іздеп табуға болады.
Windows ортасы мен оның ішіндегі стандартты қосымша программалардың бәрінің де бір-бірінен тармақтала өрбитін анықтамалық жүйесі( бұдан кейін анықтамасы ) бар, ол жұмыс кезінде туатын кез-келген сұраққа жауап бере алады. Windows ортасында кез келген анықтаманы бұлай шақыруға болады: Windows3.x жүййесі үшін — Программа диспетчері терезесінің жоғарғы жағындағы көлденең орналасқан менюдегі Анықтама ( справка ) пунктінің Мазмұн ( содержание ) командасын таңдау керек;
Windows98 жүйесі үшін – Іске қосу ( Пуск ) менюінің Анықтама ( Справка ) командасын таңдау керек.
Windows жүйесінің өзінде және оның қосымшаларының бірсыпырасында анықтаманы сұхбат терезесі арқылы алу мүмкіндігі бар. Кез келген сұхбат терезесінде Көмек батырмасы бар. Оны таңдап алсақ экранға анықтамалық жүйе шығып, Анықтама терезесіне сол сұхбаттасу мүмкіндігінің жұмысын баяндайтын информация шығарылады.
Файлдармен жұмыс істеу
Қазіргі кезде қолданылатын операциялық жүйелердің барлығы файлдармен жұмыс істейді. Windows бұл жұмыстың қомақты бөлігін өзіне қаратып алды деуге болады, яғни ол әрбір адамды дискідегі файлдармен қатынас жасау оларды үнемі қадағалау қажеттілігінен босатты. Мысалы, қандай да бір программа белгісіне тышқан курсорын апарып, оны екі рет шертсек, соған сай келетін программалық файл іске қосылады, бұл сәттерде файлдың қай жерде орналасқанын әркімге білу міндет емес. Мұның өзі Windows жүйесінің және ондағы барлық қолданбалы программалардың файлдық жүйемен қатынас құра алатынының айғағы болып табылады.
Әдетте әрбір адам дискіден файл оқу үшін не оған басқа файл жазу үшін, сондай-ақ қолданбалы программаларды іске қосу үшін файлдық жүйеге жүгінеді.
Файлдарды ашу және сақтау терезелері
Windows жүйесінің көптеген программалары дискіден информацияны оқу және оны толықтырып, өңдеп қайта дискіге жазу операцияларын орындаудан тұрады. Осы операцияларды орындау барысында Парақтау( Пролистать ) терезесінің аналогымен жұмыс істеу керек болады, ол -жұмыс Парақтау және Сақтау терезелеріне өте ұқсас Ашу тересі.
Windows жүйесінің стандартты программалары.
Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді,
мысалы:
мәтіндік құжаттар дайындау;
графикалық бейне -көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету;
жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;
математикалық есептеулеррді орындау және т.б.
Әдетте бұл қосымша программалар « Стандартты » тобында орналасқан.
Операциялық жүйе кез келген компьютердің ең қахет құрамдас бөлігі және ол компьютерді басқаруға, ақпаратты сақтауға, оған қосылған барлық құрылғылардың жұмысын ұйымдастыруға арналған программалардың жиыны болып табылады. Операциялық жүйе адам мен компьютердің өзара байланысын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде Windows -барлық дербес компьютерлерге арналып кең таралған операциялық жүйе. Windows -тің кеңінен таралуына себеп, оның қолайлығы, түсініктілігі, графикалық интерфейсі, бірнеше программалармен қатар жұмыс жасау мүмкіндігі және жаңа жабдықтардың автоматты түрде бапталуы сияқты ерекше қасиеттерін атауға болады. Windows бірнеше операциялық жүйелерді біріктіреді, олар бір-біріне ұқсас болғанымен, әр түрлі мүмкіндіетері бар және әр түрлі мақсаттарға арналған.
1. Е. Қ. Балапанов, Б. Б. Бөрібаев, А. Б. Дәулетқұлов.
Жаңа информациялық технология, Информатика. Алматы 2004.
2. Н. Ермеков , Н. Стифутина .
Информатика. Алматы« Атамұра » 2007


