Меню Рубрики

Windows операциялы жйесімен жмыс

Операциялық жүйелер

Операциялық жүйе дегеніміз компьютердің барлық әрекеттерін басқаратын машиналық кодта жазылған программа. Операциялық жүйе міндетті үш бөліктен тұрады: ядро, драйвер және интерфейс.

Ядро (командалық интерпретатор) – үнемі жедел жадыда орналасатын операциялық жүйенің бөлігі. Ол программалық тілден машиналық кодтар тіліне аудару қызметін атқарады. Драйвер – жеке сыртқы құрылымды басқаратын операциялық жүйенің программасы. Ол компьютер мен құрылғының әрекеттестігін басқарады. Пайдаланушы мен компьютердің арасындағы байланысты интерфейс қамтамасыз етеді. Интерфейс – программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұқбат жүргізу шарттары мен келісім шарттары.

Операциялық жүйелер: МS DOS, Windows, Unix, Linux, OS/2 және т.б. Операциялық жүйелер бірміндетті және көпміндетті болып бөлінеді. Бірміндетті операциялық жүйе — бір уақытта тек бір ғана тапсырманы орындай алатын операциялық жүйе. Оған МS DOS операциялық жүйесін мысалға келтіруге болады. Көпміндетті операциялық жүйе бір мезгілде бірнеше тапсырманы орындауға мүмкіндік береді. Мысалы: Windows операциялық жүйесінде компьютерде мәтін тере отырып, әуен тыңдауға және дәл осы сәтте басқа құжатты баспаға жіберуге болады.

Операциялық жүйені, пайдаланушылардың санына байланысты, жалғызпайдаланушылық және көппайдаланушылық деп бөлуге болады.

Операциялық жүйелерді үлкен екі топқа бөледі:

1) Microsoft фирмасының Windows операциялық жүйелері

2) Linux жүйесінде құрылған операциялық жүйелер.

Ең алғашқы 86-DOS деп аталатын операциялық жүйені 1980 жылы Seattle Computer Products фирмасы шығарды. 1981 жылы Microsoft корпорациясы Seattle Computer Products фирмасының 86-DOS операциялық жүйесін пайдалану құқығына ие болып, оны IBM компьютерлері үшін MS DOS операциялық жүйесіне түрлендірді.

MS DOS (MicroSoft Disk Operating System) операциялық жүйесі 1981 жылдан бастап Intel процессорларымен жасақталған барлық дербес компьютерлерге арналған стандартты операциялық жүйе ретінде қолданылды. Ол Unix, Windows операциялық жүйелерінің негізі. MS DOS операциялық жүйесі командалық жол негізінде жұмыс жасады. Компьютерді іске қосқанда экранда > белгісі пайда болады. > белгісінің жанына әртүрлі командаларды жазып, орындау үшін Enter пернесін басады. Командалық жол арқылы адам мен MS DOS операциялық жүйесі арасынды сұқбат жүргізу өте қолайсыз болды. Бір команданы орындау үшін бірнеше символды теруге тура келді. MS DOS операциялық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдету үшін Norton Commander программалық қабықшасын қолданады.

MS DOS-та құрылған көптеген программалар мәтіндік режимде жұмыс жасады. Мұнда экранды көлденең бағытта 80 символ, тік бағытта 25 символ қабылдайтын матрица түрінде қарастырады. MS DOS экраны 16 түсті пайдаланады.

МS DOS операциялық жүйесі – бірміндетті, 16-разрядты операциялық жүйе. МS DOS операциялық жүйесі 640 Килобайт жедел жадыны пайдаланды. Сол заманда Билл Гейтс былай деген еді: «Кез-келген компьютер үшін 640 Килобайт жады көлемі жеткілікті». Бірақ, сол уақыттың өзінде Билл Гейтстің қателескені түсінікті еді.

1985 жылы Microsoft фирмасы Windows 1.01 программалық қабықшасын жасады. Ол DOS мүмкіндіктерін арттыратын графикалық қабықша қызметін атқарды. Нәтижесінде, көпміндеттілік (салыстырмалы түрде) пайда болды және жадыға қойылған 640 Килобайттық шектеу жойылды. Windows 1.01, Windows 2.0 нұсқалары өте баяу жұмыс жасайтын.

1986 жылы Microsoft және IBM фирмалары бірігіп, OS/2 операциялық жүйесін жасап шығарды. Екінші операциялық жүйе болғандықтан /2 кодын пайдаланған, бірақ көбінесе программистер оны «жартылай операциялық жүйе» деп қалжыңдайтын. Аталған екі фирманың бірігуімен OS/2 операциялық жүйесінің бірнеше нұсқасы жарыққа шықты. 1991 жылы Microsoft фирмасы IBM фирмасынан бөлініп шығып, Windows операциялық жүйесін жетілдіруге кірісті. Информатикада бұл кезеңді «Ажырасу және өз тегін қайтадан алу» («Развод и девичья фамилия») деп атады.

IBM фирмасы OS/2 операциялық жүйемен жұмысын жетілдіріп, 1994 жылы OS/2 Warp Version 3 нұсқасын шығарды. Ал, Microsoft фирмасы 1993 жылы Windows NT операциялық жүйесін шығарғандығын жариялады. Бұл операциялық жүйе программалақ қабықша емес, сапалы әрі көпміндетті, желімен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін, сенімді операциялық жүйе болатын. Windows NT операциялық жүйесінің кемшіліктері: орнату және баптау күрделі; ойын программалары жүктелмейді; кейбір қолданбалы программалармен жұмыс жасау мүмкін емес; үлкен ресурстарды талап етеді және т.б.

1995 жылы көптен күткен Windows 95 операциялық жүйесі шықты. Windows 95 операциялық жүйесінде DirectX программалық-драйверлік кешені қолданылды, ойын программалары орнатылды. Ол ресурстарды ортақ пайдалану мүмкіндігін берді. Егер программаны орындау кезінде жүйе «тұрып» қалса, онда компьютерді қайтадан жүктеу қажет. Windows 95 операциялық жүйесінің ядросы қайтадан өңдеуді қажет ететін. Мұнда FAT16 файлдық жүйесі FAT32 файлдық жүйесіне ауыстырылған.

1998 жылы Windows 98 операциялық жүйесі жасалды. Оның ерекшеліктері: интернетпен жұмыс жасау; USB сияқты жаңа порттардың пайда болуы; жұмыс үстелінің түрі өзгеріп, онда бумалар, жарлықтар және басқа элементтер орналасты; бірнеше басқару стилі бар; Windows 98 операциялық жүйесін орнату біршама жеңіл.

Windows 2000 операциялық жүйесінің серверлік және жұмыс станцияларына арналған нұсқалары бар. Ол толықтай 32-разрядты, көпміндетті, жады мүмкіндіктері жақсартылған, сенімді операциялық жүйе. Windows операциялық жүйесінің жетілдірілген Windows XP, Windows 2003 Server және т.б. нұсқалары бар. Windows XP операциялық жүйесіне келесі тарауларда кеңінен тоқталамыз.

Unix операциялық жүйесін 60-шы жылдары Кен Томпсон ассемблер тілінде жазып, кейіннен оны әріптесі Ритчимен бірге С тіліне аударған. Томсон мен Ритчиге Unix операциялық жүйесін құрғаны үшін Тьюринг премиясы берілді. Unix операциялық жүйесі – компьютер желілерінде кеңінен қолданылатын қуатты әрі көпміндетті операциялық жүйе. Оның жұмыс істеуге ыңғайлы графикалық интерфейсі бар. Unix операциялық жүйесінің негізі мақсаты: серверді басқару. Аталған операциялық жүйені орнату үшін процессор мүмкіндігі 300 МГц жоғары, жедел жады 128 Мбайт жоғары болуы қажет. Unix операциялық жүйесі тәжірибелі программистерге арналған қуатты және бейімделгіш жүйе.

Linux операциялық жүйесін 1991 жылы Фин студенті Линус Торвальдс дипломдық жұмысы нәтижесінде, Unix операциялық жүйесі негізінде құрды. «Linux» сөзінің мағынасы «ядро» деген сөзді білдіреді. Оның ерекшеліктері: тегін таратылады және ашық код (OpenSource) принципімен жұмыс жасайды. Linux операциялық жүйесінің дамуына бірқатар тәуелсіз програмистер өз үлестерін қосқан. Сондықтан, бүгінгі Linux – ең жаңа, орнықты және тез дамушы операциялық жүйе.

Linux әртүрлі ажыратылған терминалдар хостымен жұмыс жасайтын қолданушыларға барлық жүйелік ресурстарды бере алады. Linux-ты кез-келген жергілікті торапта интегралдауға болады. Linux операциялық жүйесінің жүйелік жадысы 4Кбайт көлемді бет түрінде ұйымдастырылған. Егер операциялық жүйе толығымен толса, онда ол көптен бері қолданбаған жады беттерін іздейді. Егер бұл беттердің қайсыбіреуі керек болса, Linux дисктен оларды қайтадан қалпына келтіреді. Алғашында Linux Intel 386/486 негізіндегі дербес компьютерге арналған, қазір Pentium негізіндегі микропроцессорлармен жұмыс істеуге болады.

Источник

Windows операциялық жүйесі құрылымы мен жалпы сипаттамасы

Особенности работы со слабоуспевающими и одаренными детьми в школе

свидетельство каждому участнику

скидка на курсы для всех участников онлайн-конференции

13 – 15 октября 2020г 19:00 (МСК)

Windows операциялық жүйесі құрылымы мен жалпы сипаттамасы

Операциялық жүйе компьютердің программалық құралдарының ажырамас бөлігі болып саналады. Әрбір адамға компьютердің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің , яғни системаның алатын орны ерекше больш есептеледі.

ОЖ екі негізгі қызметті орындайды:

1) барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмыстарын қолдап, олардың бір-бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету;

2) әрбір адамға компьютерді жалпы басқару мүмкіншілігін беру.

ОЖ-нің негізгі мақсаты – программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылары мен әрекеттестігін қамтамасыз ету, компьютердің жадын бөлу, жұмыс кезінде туындайтын әр түрлі оқиғаларды анықтау, жұмыс нәтижелерін қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру, т.б. ОЖ-нің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап компьютердің жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшін ОЖ-нің командалары пайдаланылады, оның көмегімен адам дискіні белгілеу, мәліметтерді көшіру, кез келген программаны іске қосу, керекті жұмыс режимін орнату сияқты әр түрлі әрекеттерді орындайды.

Сонымен, ОЖ – адам мен компьютер аппараттық құралдарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе өзара байланысқан программалар тобы. Оның құрамына өз командалары және драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер – жұмысты жеңілдететін программалар және тағы басқалар кіреді.

ОЖ-нің атқаратын қызметін мынадай үш топқа жіктеуге болады:

1) мәліметтерді енгізу-шығарудың барлық түрлерін ұйымдастыру;

2) компьютердің сыртқы ортамен қатынасын ұйымдастыру;

3) мәліметтерді сақтау мен өңдеу жұмыстарын атқару.

Компьютерлердің әр түрлі модельдерінде қарай ОЖ-нің архитектурасы (құрылымы) мен мүмкіндіктері де әрқалай бола береді. Ең көп тараған ОЖ түрлеріне MS-DOS (РS-DOS), UNIX және де соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйелер – Windowsпрограммалары жатады.

Жалпы ОС басқаруымен, оның ішіндегі MS-DOS, Wіndows жүйелерінің басқаруымен атқарылатын әрекеттерге келесi операциялар жатады:

МS-DOS операциялык, жүйесі 1981 жылы ІВМ дербес компьютерлерімен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын.

Қазіргі кездерде стандартты операциялық жүйе ретінде Windows есептеледі, бірақ МS DOS жүйесінің негізгі қағидалары операциялық жүйелердің барлығында толық пайдаланылады.

Файлдар. Бумалар. Жарлықтар. 20.10.2017

Компьютердегі барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталатын арнайы жүйенің көмегімен қамтамасыз етіледі. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және жарлықтар.

Файл – байттардың әлдебір атауы бар тізбегі.

Бумалар. Windows – та бума құрылымының иерархиялық ұстанымын түсчіндіру.

Жарлықтар. Жарлыққа ерекше көңіл бөлінеді. Мынадай сәттер бойынша ұсыныстар құрастыруға болады:

Жарлық – программа немесе құжатты көрсететін, нысан туралы ақпарат салынған белгі. Жарлық программа құжаттың төменгі бұрышындағы бағдаршасымен ерекшеленеді.

Жарлық қасиетін ашу арқылы нысанның қайда орналасқанын көруге болады. Жарлықтарды пайдалану кездейсоқ жойылған ақпараттан сақтандырады. Жарлық жойылса да, файл немесе бума жойылмайды.

Ойындар бумасының үлгісі Ойындар бумасының жарлығы

Жаңа бума құру қиын емес. Өздерің таңдаған жерде Жаңа бума бұйрығын таңдасаңдар жеткілікті. Жаңа бума (Новая папака) деген жыпылықтаған атауы бар буманың белгішесі пайда болады. Сендерге тек пернетақтадан буманың жаңа атын теріп, Enter пернесін басу ғана қалады. Жаңа бума бос болады. Осы буманың ішіне өз қалауларыңша файлдар мен басқа бумаларды орналастыруыңа болады.

Құжаттар бумасын ашыңдар. Кез келген файлдың үстінде контекстік мәзір шақырыңдар. Жарлық құру бұйрықтарын табыңдар.

Қажетті нысанның үстінде шақырылған контекстік мәзірде Жарлық құру бұйрығы бар. Бұл бұйрық бойынша бастапқы нысан орналасқан жерде жарлық құрылады. Мысалы, егер сендер жарлықты Құжаттар бумасындағы файлға құратын болсаңдар, онда жаңадан құрылған жарлық Құжаттар бумасында орналасады.

Таңдалған нысанға жарлық құрып, оны Жұмыс үстеліне орналастыруға арналған бұйрық: Отправить Рабочий стол( Создать ярлык ). Жұмыс үстелінде осы нысанды ашатын жарлық пайда болады.

Нысандардың атын алмастыру

Нысанның атын алмастыру үшін нысанның контекстік мәзірін қолданады. Одан Переименовать бұйрығын таңдау керек.

Бірден бірнеше нысанның атын алмастыруға болмайтынын естен шығармаңдар.

Файлдар. Бумалар. Жарлықтар. 20.10.2017

Компьютердегі барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталатын арнайы жүйенің көмегімен қамтамасыз етіледі. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және жарлықтар.

Файл – байттардың әлдебір атауы бар тізбегі.

Бумалар. Windows – та бума құрылымының иерархиялық ұстанымын түсчіндіру.

Жарлықтар. Жарлыққа ерекше көңіл бөлінеді. Мынадай сәттер бойынша ұсыныстар құрастыруға болады:

Жарлық – программа немесе құжатты көрсететін, нысан туралы ақпарат салынған белгі. Жарлық программа құжаттың төменгі бұрышындағы бағдаршасымен ерекшеленеді.

Жарлық қасиетін ашу арқылы нысанның қайда орналасқанын көруге болады. Жарлықтарды пайдалану кездейсоқ жойылған ақпараттан сақтандырады. Жарлық жойылса да, файл немесе бума жойылмайды.

Ойындар бумасының үлгісі Ойындар бумасының жарлығы

Жаңа бума құру қиын емес. Өздерің таңдаған жерде Жаңа бума бұйрығын таңдасаңдар жеткілікті. Жаңа бума (Новая папака) деген жыпылықтаған атауы бар буманың белгішесі пайда болады. Сендерге тек пернетақтадан буманың жаңа атын теріп, Enter пернесін басу ғана қалады. Жаңа бума бос болады. Осы буманың ішіне өз қалауларыңша файлдар мен басқа бумаларды орналастыруыңа болады.

Құжаттар бумасын ашыңдар. Кез келген файлдың үстінде контекстік мәзір шақырыңдар. Жарлық құру бұйрықтарын табыңдар.

Қажетті нысанның үстінде шақырылған контекстік мәзірде Жарлық құру бұйрығы бар. Бұл бұйрық бойынша бастапқы нысан орналасқан жерде жарлық құрылады. Мысалы, егер сендер жарлықты Құжаттар бумасындағы файлға құратын болсаңдар, онда жаңадан құрылған жарлық Құжаттар бумасында орналасады.

Таңдалған нысанға жарлық құрып, оны Жұмыс үстеліне орналастыруға арналған бұйрық: Отправить Рабочий стол( Создать ярлык ). Жұмыс үстелінде осы нысанды ашатын жарлық пайда болады.

Нысандардың атын алмастыру

Нысанның атын алмастыру үшін нысанның контекстік мәзірін қолданады. Одан Переименовать бұйрығын таңдау керек.

Бірден бірнеше нысанның атын алмастыруға болмайтынын естен шығармаңдар.

ФАЙЛДАР МЕН ҚАПШЫҚТАР
Қапшық дегеніміз — бұл объектілердің бірлестігі. Windows объектілерін негізгі және арнайы деп шартты түрде бөлуге болады. Windows XP – дің негізгі объектілеріне қапшық — тар, программалар, құжаттар және таңбашалар жатады.
Арнайы объектілеріне: Бас меню, Басқару тақтасы, Менің компьютерім және Себет жатады. Қапшықтар компьютерде белгілі тәртіппен орналасады, оны иерархия деп атайды. Windows XP — дің қапшықтарының иерархиясының ең басы Жұмыс үстелі қапшығы болып табылады. Бұл барлық қапшықтардың аналық қапшығы ретінде қолданылады. Оның бірқатар ерекше қасиеттері бар. Жұмыс үстелі барлық терезелердің астында болады, ол барлық терезелер жималанған кезде ғана толық көрінеді.

Бұл WindowsXP объектілерінің шартты иерархиясының схемасы болып табылады.

Файл дегеніміз не? Файл — аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама, не құжат болуы мүмкін. Windows — та бағдарламалардың басқа атауы — қолданба да қолданылады.
Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1 — 255 символға дейін болады.
Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:
*. bmp Paint графикалық қолданбасының суреті
*. doc Word және WordPad мәтіндік редакторларының құжаттары
*. txt Блокнот қолданбасының құжаты
*. wav Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы.
*. avi Бейне — клип
*. xls Excel кестелік процессорының құжаты
*. ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесері

Қапшықтар (бумалар) — бұл қандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы, тақырыптық белгісі бойынша: бір ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқанда, қапшық — бұл аты аталған файлдар тобы. Windows’98 — дің қапшықтары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде қапшықты кәдімгі ішіне қағаз беттерін — файлдарды салатын қапшықпен салыстыруға болады. Windows’98 — дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады. Қапшықтың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.
Қапшықтың пиктограммасы болуы мүмкін. Қапшықтарда таңбашалар, файлдар және басқа қапшықтар да болуы мүмкін. Қапшық бос болуы да мүмкін. Қапшықта аты бірдей объектілер болмауы керек. Қапшықтың ішіндегісін қарап шығу үшін, маустың батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.
Қапшықтар екі түрде болады:
— кәдімгі қапшық — каталогтар;
— арнайы қапшықтар (Менің компьютерім, себет, принтерлер және т. б.).
Қапшықтарды құру және оның кұрылымы:
Қапшық элементтері: тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал — саймандар тақтасы, қалып — күй жолы. Қажет элементтер жиынын мына жолмен таңдауға болады: Түр — Құрал — саймандар тақтасы және Түр => Қалып — күй жолы.
Терезеде жана қапшық құру.
Қапшықты Файл => Создать => Папка командасымен құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің қапшықтары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі пайда болады. Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа файл» аты меншіктеледі.

Жұмыс үстелінде жаңа қапшық құру
Жұмыс үстелінің жаңа қапшықты орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу — контексті меню пайда болады.
Создать => Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде қапшық белгішесі пайда болады. Қапшықтың атын енгізіп, енгізу пернесін басу
Жарлық — бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиеті бар пиктограмма, объектінің тамғасы, компьютер үшін объектіге жол нұсқайтын командалық файл, ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі немесе терезедегі жай белгіше, ол Windows’98 — дегі қандай да бір объектіге: файлға, қапшыққа, дискіге, компьютерге, принтерге т. б. сәйкес келеді.
Таңбаша жеке бір объект емес, ол файлға сілтеме ғана. Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды. Таңбашада мауспен екі рет шерту, файлға немесе қапшықтың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей (бағдарлама іске қосылады, құжат немесе қапшық ашылады.)
Ағымдағы терезеде таңбаша құру.
Ағымдағы терезеде таңбашаларды Файл => Создать => Ярлык, Файл => Создать ярлык немесе контексті менюдің Создать — Ярлык командасының көмегімен жасауға болады. Таңбашаны жасағаннан кейін оны қажетті орынға, орналастыруға болады.
Жұмыс үстелінде таңбаша құру.
1. Жүмыс үстелінің бос жеріне меңзерді орналастырып, маустың оң жақ батырмасын басса, контексті меню пайда болады.
2. Создать => Ярлык опциясын тандағанда, «Создание ярлыка»(«Таңбашаны құру») диалог терезесі пайда болады.
3. «Шолу» (Обзор) батырмасын басу, «Шолу» диалог терезесін ашады. Файлдар мен қапшықтар арасынан объект табу.
4. «Ашу» батырмасын басу арқылы «Таңбаша жасау терезесі» ашылады. Онда, файлға жол толық көрсетілген.
5. «Далее» («Одан әрі») батырмасын басу — «Таңбашаның атын таңдау» (Выбор названия ярлыка) диалог терезесін ашады. Мұнда объектінің жүйелік атын өзгертуге болады.
6. «Дайын» (Готово) батырмасын басу — Жұмыс үстелінде жаңа таңбаша пайда болады.

Экранна терезе, қапшық құрылымы сипаттамасын көрсетіп түсіндіремін. Оқушылар терезе элементтері, атауы және қызметі туралы бұрыннан таныс болуы мүмкін. «Терезелермен жұмыс» бөлімін оқумен қатар компьютерде компьютерде жұмыс орындалады. Оқушылар терезе, қапшық мүмкіншіліктерін оқиды.

Тақырып жолының оң жағында терезені басқару батырмалары орналасқан. Олардың көмегімен терезені жиыруға, бүкіл экранға жаюға, жабуға, оның бастапқы өлшемдерін қайта қалпына келтіруге болады.

Жиыру батырмасы терезені экраннан алып тастағанмен, программамен орындалып жатқан жұмысты аяқтамайды. Ашылған терезенің белгішесі Есептер тақтасында көрсетіліп қалады. Терезені қайта ашып көру үшін тышқанның сілтемесін осы белгішеге жақындатсаңдар жеткілікті.

Жаю батырмасы – терезенің өлшемін өзгертеді . Терезені экранның бетіне толық жаюға немесе керісінше, оның мөлшерін кішірейтуге болады.

Жабу батырмасы – программаның жұмысын аяқтайды. Программаның терезесін жабар алдында өз жұмыстарыңды міндетті түрде сақтап қою керек. Әдетте, программаның өзі терезенің мазмұнын сақтау керек екенін ескертеді.

Терезені Alt+F4 пернелерінің тіркесімдері көмегімен де жабуға болады.

Терезенің ең төменгі жолы жай-күй жолы деп аталады.

Терезелермен жұмыс істеу

Терезенің өлшемін тек терезелерді басқару батырмаларымен ғана өзгертіп қоймайды. Терезенің мөлшерін еркін өзгерту үшін тышқанның сілтемесін терезенің шекарасына немесе бұрышына апарып, сілтеме екі бағытты жебеге айналғанда, терезенің бір немесе екі бүйірін жылжытыңдар. Ашық терезелердің біріншісінен екіншісіне олардың есептер тақтасындағы батырмаларын немесе Alt+Tab пернелерін басып ауысуға болады.

Источник

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

  • Windows операциялы жйесі уикипедия
  • Windows операциялы жйесі тест
  • Windows операциялы жйесі слайд
  • Windows операциялы жйесі дегеніміз не
  • Windows олд как удалить