Меню Рубрики

Windows операциялы жйесі тест

«Операциялық жүйелер және жүйелік қамтамасыздандыру» пәні бойынша АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

«Операциялық жүйелер және жүйелік қамтамасыздандыру» пәні бойынша тест тапсырмалары 1305000 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 201, 203 ИС топтарына арналып құрастырылған. Тест 25 сұрақтан тұратын 2 нұсқада құрастырылды. Жалпы сұрақтар саны 50. Сұрақтардың бес жауабы бар, олардың ішінде біреуі дұрыс. Бұл тест сұрақтарының негізгі мақсаты – өтілген тақырыптар бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру және бағалау.

Просмотр содержимого документа
««Операциялық жүйелер және жүйелік қамтамасыздандыру» пәні бойынша АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ»

АҚТӨБЕ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Бас директордың оқу ісі

«Операциялық жүйелер және жүйелік қамтамасыздандыру» пәні бойынша

АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

Мамандығы: 1305000 «Ақпараттық жүйелер»

Оқытушы: Ж. Габбасова

«Ақпараттық жүйелер» ЦӘБ отырысында

қаралды және қабылданды

ЦӘБ төрағасы ____________Р. Хайруллаев

Колледж әдіскері___________С. Ескалиева

«Операциялық жүйелер және жүйелік қамтамасыздандыру» пәні бойынша тест тапсырмалары 1305000 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 201, 203 ИС топтарына арналып құрастырылған.

Бұл тест сұрақтары операциялық жүйелердің негізгі түсініктерін оқып үйренуде, (MS-DOS, WINDOWS ОЖ құрамы, UNIX, LINUX ОЖ-дің негізгі түсінігі), операциялық жүйелерге арналған бағдарламалық қабықшалар (NORTON COMMANDER, FAR-менеджер, ТОТАL COMMANDER, WINDOWS COMMANDER және т.б.) түрлері туралы алған біліміне негізделген.

Соынмен бірге студенттер теориядан алған білімдерін тәжірибелік сабақтарда қалыптастырады.

Тест 25 сұрақтан тұратын 2 нұсқада құрастырылды. Жалпы сұрақтар саны 50. Сұрақтардың бес жауабы бар, олардың ішінде біреуі дұрыс.

Бұл тест сұрақтарының негізгі мақсаты – өтілген тақырыптар бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру және бағалау.

Источник

Windows операциялық жүйесі. Оның мүмкіндіктері. Негізгі сипаттамалары. Баптау.

сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Windows операциялық жүйесі. Оның

мүмкіндіктері. Негізгі сипаттамалары. Баптау.

Білімділік – Windows операциялық жүйесінің анықтамасымен, мүмкіндіктері және қызметтерімен таныстыру. Компьтерді баптауды меңгерту.

Дамытушылық – Оқушылардың іскерлігін, ойлау қабілетін, ізденімпаздық дағдысын, шығармашылығын қалыптастыра отырып дамыту

Тәрбиелік – Оқушыларды шапшаң ойлауға, өздігінен талпынып жауапкершілікті сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: жұмыс дәптері, графопроектор, компьютер.

Сабақтың әдісі: Практикалық элементі бар баяндап түсіндіру.

Ұйымдастырылу кезеңі

  • келмеген оқушыларды белгілеу
  • сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру

Үйге берілген тапсырманы сұрау

1. Сыртқы құрылғылардың қаңдай түрлерін білесіздер?

2. Информацияны енгізу құрылғыларына не жатады?

3. Информацияны шығару құрылғыларына не жатады?

4. Мультимедиа құралдарына не жатады?

Жаңа сабақты түсіндіру

WINDOWS типіндегі операциялық жүйе.

Қазіргі уақытта дербес компьютерде операциялық жүйенің екі типі кең етек алды. Бірінші типке Місгosoft компаниясының жеткілікті ұқсас екі жүйесі жатады: Windows`95 және Windows NT. Windows`95 және Windows NT операциялық жүйелері көп есепті және олардың көп терезелі графикалық интерфейсі болады. Өз тарихында Місгosoft компаниясы ең алдымен Windows NT жүйесін құрастырды. Бірақ сол кездегі дербес компьютерлердің қуаттылығы бұл жүйені тиімді қолдану үшін жеткіліксіз болып шықты. Компьютердің қуаттылығына неғұрлым қарапайым талаптары бар жүйенің қысқартылған нұсқасы Windows`95 деген атпен жарықққа шығарылды және бірден кең таралды. Бұл операциялық жүйе ЭЕМ қолданушыларының алдыңғы интерфейстерімен салыстырғанда елеулі ілгері қадам болып саналады.

Windows жүйесінің ең маңызды ерекшеленетін белгілері мыналар:

1. Windows тұйық жұмыс ортасы болып табылады.

Бұл операциялық жүйе деңгейінде қолайлы кез келген операцияларды Windows-тан шықпай-ақ орындауға болатынын біддіреді. Терезе және таңбашалар Windows ортасында қолданушы интерфейсінің негізгі түсініктері болып табылады. Windows шеңберінде орындалатынның барлығы не таңбашасымен (пиктограмма) операция, не тереземен (немесе терезеде) операция болып табылады. Барлық сервистік және қолданбалы бағдарламалар үшін терезе құрылымы және оларды басқару элементтерінің орналасуы, сервистік бағдарламалар үшін менюдің құрылымы және операциялар жиыны, сонымен қатар маустың көмегімен орындалатын операциялар стандартталынған, яғни белгілі бір стандарт бойынша орындалған.

2. Windows өзі графикалық жүйе болып табылады. MS-DOS-тағыдай қолданушыға мәтіндік қатар түрінде пернетақтадан команданы енгізудің қажеті жоқ. Тек қана экранға мүқият қарап және ұсынылған жиыннан қажетті операцияны тандап алып, маус манипуляторының көмегімен оны менюдің қажетті командасына орналастыру немесе қажетті батырма бойынша шерту қажет.

Windows жүйесімен UNIX типті («Юникс» деп оқылады) операциялық жүйе бәсекелеседі.Ол 20 жылдан астам бұрын сол кездегі жоғарғы сенімділікті талап етуші есептерді шешетін ең қуатты компьютерлер үшін құрастырылған болатын.

WINDOWS -ты БАПТАУ. Операциялық жүйе Windows орнатылған кезде жүйе орта қолданушыға есептелінген белгілі бір стандартқа сөйкес бапталуы тиіс. Бірақ әрбір қолданушы компьютерді өз «үйлесіміне» сәйкес — терезенің түсін өзгертуге, жұмыс орнының түсі үшін өрнекті таңдауға немесе оған қолданушы өзі салған немесе стандартты суреттердің галереясынан алынған суретті салуға, команда мәтінінің қаріптерінің өлшемін үлкейтуге немесе кішірейтуге, маустың жылжу жылдамдығын орнатуға және т.с.с. баптауға болады. Біз сізбен Windows -тың кейбір баптауларын ғана қарастырамыз. Басты меню және Есептер панелінен басқа Windows-тың барлық баптаулары Басқару панелі деп алатын жүйелік қапшық арқылы орындалады. Бұл қапшықты ашу үшін әрекеттердің тізбегін орындаңыз:

Пуск> Настройка > Панель управления

Басқару панелі қапшығының терезесі ашылады (1-сурет), сіздің компьютеріңізде Бұл терезе басқаша көрінуі мүмкін, өйткені қосымша таңбашалар болуы, ал кейбір белгішелердің болмауы мүмкін.

Күнді және уақытты баптау. 7-сыныпта біз есептер панелі арқылыы күнді және уақытты баптауды қарастырдық, бірақ оларды Басқару панелі арқылы да баптауға болады.

Өзің орында!

Компыотеріңіздегі күн мен уақытты өзгертіңіз.

1. Басты менюден Настройка => Панель управления командасын таңдаңыз.

2. Басқару панелі қапшығышың терезесінде Дата/Время таңбашасы бойынша маусты екі рет шертіңіз.

3. Екі қосымшасы бар Свойстса: Дата/Время терезесі (2-сурет) пайда болады.

4. Дата и Время қосымшасын екпінді қылыңыз.

5. Дата бөлімінде туған куніңізді бекітіңіз: ол үшін жыл көрсетілген өрісте айналдыру батырмасының көмегімен туған жылыңызды таңдаңыз, содан кейін ай көрсетілген өрісте туған айыңызды көрсетіңіз және күнтізбектен мауспен шертіп, санды тандаңыз.

6. Время белімінде мектептегі сабақтардың аяқталатын уақытын бекітіңіз: ол үшін сағат астындағы уақыт корсетілген жерге өрісте маустың көрсеткішін орналастырыңыз және шертіңіз, содан кейін айналдыру батырмасымен қажетті уақытты тадаңыз немесе оны пернетақтадан енгізіңіз.

7. Применить батырмасын шертіңіз.

8. ОК батырмасын шертіңіз.

Экрандағы Есептер панелінің төменгі оң жақ бшыңда сіздің орнатқан уақытыңыз бейнеленетін болады. Ал енді жоғарыда жазылған әрекеттерді орындап, кезекті уақыт пен күнді орнатыңыз.

Сабақты қорытындылау:

  1. Тұйық жұмыс ортасы дегеніміз не?
  2. Графикалық интерфейс дегеніміз не?
  3. Қандай операциялық жүйелерді білесіз?

Үйге тапсырма: Windows операциялық жүйесі. Оның мүмкіндіктері. Негізгі сипаттамалары. Баптау.

сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік вирустар. Антивирустық программалар.

Білімділік – Компьютерлік вирус дегеніміз не екеніне түсінік беру, олардан қорғануды үйрету, яғги антивирус программаларымен таныстыру.

Дамытушылық – Оқушылардың ой — өрісін, ынтасын, өздігінен білім алып ізденімпаздық жүйелілеу қасиеттерін, антивирусты қолдана білу дағдыларын дамыту

Тәрбиелік – Оқушыларды өзара жолдастық көмек көрсетуге табандылықпен өз пікірін ашық түрде айта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білімді тексеру

Сабақтың көрнекілігі: Графопроектор, компьютер, тапсырма жазылған карточкалар.

Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ жауап , практикалық

  • оқушылармен сәлемдесу
  • келмеген оқушыларды белгілеу
  • сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру

Үйге берілген тапсырманы сұрау

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
  2. Безендендіру схемасын баптау
  3. Жұмыс орнының түрін өзгертіңіз:
  4. Жұмыс орнының фондық өрнегін баптау
  5. Маусты баптау

Жаңа сабақты түсіндіру

Компютерлік вирус. Компьютерде жұмыс істеген кезде өз информацияңцы бөгде адамдардың қол сұғуынан жөне жоғалудан немесе информацияны біреулер оқудан қорғау, шектей білу өте маңызды.

Есептеу техникасында информацияны қорғау түсінігі өте кең тараған. Ол компьютердің жұмыс атқару сенімділігін һәм деректердің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді және бөгде адамдардың қол сұғуынан (килігуінен) информацияларды қорғайды. Компьютерлік вирус дегеніміз не?

Компьютерлік вирус дегеніміз — әдетте өлшемі бойынша (200-ден 5000 байтқа дейін) кіші арнайы компьютерлік бағдарлама. Басқа бағдарламаларда «кебейтілетін» және «жұғатын» мүмкіндігі бар (ол бірнеше қайтара өз кодын көшіреді және оны басқа бағдарламалардың кодына біріктіреді). Ол компьютерге қолданушының бақылауынсыз «зақымдалған» дискета арқылы немесе «зақымдалған» файлмен бірге кіруі мүмкін. Ішінде вирусы бар бағдарлама «зақымдалған» деп аталады.

«Зақымдалған» бағдарлама жұмыс атқарған кезде, ең аддымен басқаруды вирус алады. Вирус басқа бағдарламаларды табады және зақымдайды, сонымен қатар қандай да бір зиянды амалдарды орындайды: компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, дискідегі файлдарды бұзады, компьютерде сақталған информацияларды бүлдіреді, оперативті жадты «ластайды» және т.с.с.

Вирус бір компьютерге кірсе, басқа да компьютерлерге тарауы мүмкін.

Вирус қайдан пайда болады?

Оларды білікті бағдарламашылар қызғаныш, кектену, мансапқұмарлық мақсатында, басқа бәсекелес фирмаларына зиян келтіру үшін немесе антивирустық бағдарламаларды сатудан ақша табу мақсатында жазады.

Компьютерлік вирустармен күресу үшін антивирустық бағдарламаларды жазатын және компьютерлік вирустарды зерттейтін мамаңдар бар. Ресейде — Бұл атақты бағдарламашылар: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А.Данилов, Н.Безруков жөне т.б.

Жаңа вирустық бағдарламалардың саны үнемі өсіп отырады және өзгеруде, сондықтан компьютердің қолданушысы вирустардың табиғатын, вирустардың жұғу әдістерін жөне олардан қорғануды білуі қажет.

Әсер ету дәрежесі бойынша вирустарды бірнеше түрге бөлуге болады:

• қауіпсіз, компьютердің жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді, бірақ оперативті жадтың бос орнын және дискідегі жадтың көлемін кішірейтеді, мұндай вирустардың әрекеттері қандай да бір графиктік және дыбыстық әсерлерде байқалады.

• қауіпті вирустар компьютер жұмысына әртүрлі кедергілер алып келуі мүмкін.

• өте қауіпті вирустардың әсері бағдарламалардың жоғалуына, деректердің жойылуына, дискінің жүйелік аймағында информациялардың өшуіне әкелуі мүмкін.

Компьютерлік вирустардың негізгі ерекшеліктерін, антивирустық бағдарламалардың сипаттамасын және бағдарламалар мен деректерді компьютерлік вирустан сақтау шараларын толық қарастырайық. Қазіргі уақытта 5000-нан аса бағдарламалық вирустар белгілі.

Барлық алуан түрлі вирустар арасынан басты-басты топтарын бөліп қарастырайық:

1. Жүктелетін вирустар — дискеттің немесе винчестердің жүктелетін секторында сақталатын компьютердің алғашқы іске қосатын бағдарламаларын зақымдайды.

2. Файлдық вирустар ең алдымен кеңейтілулері ехе. және соm. болатын файлдарға енеді, бірақ бұл кезде олар ешқандай да басқаруды қолына алмайды, демек, көбею қабілетін жоғалтады.

3. Жүктелетін-файлдық вирустар файлдарды, сол сияқты дискеттердің жүктелетін секторларын зақымдайды.

4. Драйверлік вирустар компьютер құрылғыларының драйверлерін зақымдайды немесе файлға қосымша қатар конфигурациясын қосу жолымен енеді.

5. Желілік вирустар ондаған немесе жүздеген мың көп компьютерлерді біріктіретін желіде тарайды.

Антивирустық құралдар. Белгілі антивирустық бағдарламаларды бірнеше типтерге бөлуге болады.

Детектор-багдарламалар белгілі бір вируспен зақымдалған файлдарды табады, мұндай бағдарламалар қазіргі күнде сирек.

Фагтар немесе доктор-багдарламалар, сонымен қатар вакцина-багдарламалар вирус жұққан файлдарды тауып қана қоймай, оларды «емдейді», файлдардан вирус бағдарламасының денесін өшіреді, бағдарламаны зақымдалғанға дейінгі қалыпқа келтіреді. Фагтар өз жұмысының басында оперативті жадтан вирусты іздейді, оларды жояды жөне содан кейін барып барлық файлдарды «емдеуге» кіріседі. Фагтардың ішінде полифагтар ерекшеленеді, олар вирустардың көп мөлшерін жояды, мысалға мынадай доктор-бағдарламалар: ең танымал полифагтар Aidstest (қүрастырушы Д.Лозинский) Scan, Norton AntiVirus Doctor Web және (құрастырушы И.Данилов).

Ревизор-багдарламалар вирустардан қорғайтын құралдардың ең сенімдісіне жатады. Ревизорлар компьютерге вирус жұқпай тұрған кезде бағдарламаның бастапқы жағдайын есте сақтайды, содан кейін оқтын-оқтын кезекті жағдайды бастапқысымен салыстырады. Егер өзгерістерді анықтаса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарылады. Ресейде ең танымал Д.Мостовтың құрастырған ревизор-бағдарламасы Аdinf — бұл бағдарламаны барлық оқу орыңдарының компьютерлеріне орнату ұсынылады. Ол тек вирустардың екпінділігіне ғана бақылау жасамайды, оқушылардың зиянды белсенділігіне бақылау жүргізуге (оқушының тиісуге болмайтын файлдарын және қапшықтарын жылжытуға, өшіруге, жазуға) мүмкіңдік береді.

Филътр-багдарламалар немесе «күзетші» — бұл компьютердің жадында тұрақты орналасатын кішігірім резидентті бағдарламалар. Олар компьютердің операцияларын қадағалайды және компьютер жұмыс атқарған кезде вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады. Қандай да бір бағдарлама осыңдай әрекетті орындар кезінде «күзетші» хабарлама жібереді, ал қолданушы сәйкес операцияны орындауға рұқсат беріп немесе тыйым сала алады. Қолданушылар әдетте күзетшіні қолданбайды, өйткені әрдайым ескертулер жұмысқа кедергі келтіреді. Фильтр-бағдарламалар вирустың ең басты сатысынан олардың көбеюіне дейін анықтауға мүмкіңдік береді, бірақ олар файлдарды және дискеттерді «емдемейді», вирустарды жою үшін фагтар қолдану қажет.

Вирустардан қорғайтын бағдарламалық құралдардан басқа, винчестердің нақты бөліктерін сенімді қорғауды қамтамасыз ететін тағы да арнайы қосымша құрылғы бар. Мұндай құрылғыға мысал болып Ю.Фомин қүрастырған Sheriff платасы есептеледі.

Тапсырма:

1. Drweb файлы арқылы Doctor Web бағдарламасын іске қосыңыз.

2. Doctor Web іске қосылғаннан кейін, автоматты түрде компьютердің жады тестіленеді.

3. Қандай да бір дискінің тестілеуін іске қосу үшін F5 пернесін басыңыз.

4. Пайда болған диалог терезесінде А:/ — дискжетектегі дискеттерді тестілеу үшін; D>:/ — лазерлік дискіні тестілеу үшін; * (жұлдызша) — винчестерді тестілеу үшін теріледі.

5. пернесін басыңыз.

6. Вирусты тапқан кезде оны емдеу үшін пернелерінің комбинациясын басыңыз.

7. Пайда болған диалог терезесінде А:/ — дисжететектегі дискеттер үшін; * (жұлдызша) — винчестерді емдеу үшін (D:/ — дискі емделмейді, өйткені CD-ROM оқитын құрылғы сияқты жұмыс істейді) тереді.

8. Бағдарламадан шығу үшін пернелерінің комбинациясын басады.

Сабақты қорытындылау:

    1. Компьютерлік вирустар деп нені айтады?
    2. Компьютерлік вирустардың қандай типтері бар?
    3. Жүктелетін вирустардың жұмыс істеу принциптері қандай?
    4. Файлдық вирустардың жұмыс істеу принциптері қандай?
    1. Компьютерлік вирустардан информацияларды қорғау шамасын атап шығыңыз.

Үйге тапсырма: Өз беттерінше қазіргі антивирустық программалар жайлы біліп келіңіздер.

Просмотр содержимого документа
«Windows операциялық жүйесі. Оның мүмкіндіктері. Негізгі сипаттамалары. Баптау.»

сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Windows операциялық жүйесі. Оның

мүмкіндіктері. Негізгі сипаттамалары. Баптау.

Білімділік – Windows операциялық жүйесінің анықтамасымен, мүмкіндіктері және қызметтерімен таныстыру. Компьтерді баптауды меңгерту.

Дамытушылық – Оқушылардың іскерлігін, ойлау қабілетін, ізденімпаздық дағдысын, шығармашылығын қалыптастыра отырып дамыту

Тәрбиелік – Оқушыларды шапшаң ойлауға, өздігінен талпынып жауапкершілікті сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: жұмыс дәптері, графопроектор, компьютер.

Сабақтың әдісі: Практикалық элементі бар баяндап түсіндіру.

келмеген оқушыларды белгілеу

сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру

Үйге берілген тапсырманы сұрау

1. Сыртқы құрылғылардың қаңдай түрлерін білесіздер?

2. Информацияны енгізу құрылғыларына не жатады?

3. Информацияны шығару құрылғыларына не жатады?

4. Мультимедиа құралдарына не жатады?

Жаңа сабақты түсіндіру

WINDOWS типіндегі операциялық жүйе.

Қазіргі уақытта дербес компьютерде операциялық жүйенің екі типі кең етек алды. Бірінші типке Місгosoft компаниясының жеткілікті ұқсас екі жүйесі жатады: Windows`95 және Windows NT. Windows`95 және Windows NT операциялық жүйелері көп есепті және олардың көп терезелі графикалық интерфейсі болады. Өз тарихында Місгosoft компаниясы ең алдымен Windows NT жүйесін құрастырды. Бірақ сол кездегі дербес компьютерлердің қуаттылығы бұл жүйені тиімді қолдану үшін жеткіліксіз болып шықты. Компьютердің қуаттылығына неғұрлым қарапайым талаптары бар жүйенің қысқартылған нұсқасы Windows`95 деген атпен жарықққа шығарылды және бірден кең таралды. Бұл операциялық жүйе ЭЕМ қолданушыларының алдыңғы интерфейстерімен салыстырғанда елеулі ілгері қадам болып саналады.

Windows жүйесінің ең маңызды ерекшеленетін белгілері мыналар:

1. Windows тұйық жұмыс ортасы болып табылады.

Бұл операциялық жүйе деңгейінде қолайлы кез келген операцияларды Windows-тан шықпай-ақ орындауға болатынын біддіреді. Терезе және таңбашалар Windows ортасында қолданушы интерфейсінің негізгі түсініктері болып табылады. Windows шеңберінде орындалатынның барлығы не таңбашасымен (пиктограмма) операция, не тереземен (немесе терезеде) операция болып табылады. Барлық сервистік және қолданбалы бағдарламалар үшін терезе құрылымы және оларды басқару элементтерінің орналасуы, сервистік бағдарламалар үшін менюдің құрылымы және операциялар жиыны, сонымен қатар маустың көмегімен орындалатын операциялар стандартталынған, яғни белгілі бір стандарт бойынша орындалған.

2. Windows өзі графикалық жүйе болып табылады. MS-DOS-тағыдай қолданушыға мәтіндік қатар түрінде пернетақтадан команданы енгізудің қажеті жоқ. Тек қана экранға мүқият қарап және ұсынылған жиыннан қажетті операцияны тандап алып, маус манипуляторының көмегімен оны менюдің қажетті командасына орналастыру немесе қажетті батырма бойынша шерту қажет.

Windows жүйесімен UNIX типті («Юникс» деп оқылады) операциялық жүйе бәсекелеседі.Ол 20 жылдан астам бұрын сол кездегі жоғарғы сенімділікті талап етуші есептерді шешетін ең қуатты компьютерлер үшін құрастырылған болатын.

WINDOWS -ты БАПТАУ. Операциялық жүйе Windows орнатылған кезде жүйе орта қолданушыға есептелінген белгілі бір стандартқа сөйкес бапталуы тиіс. Бірақ әрбір қолданушы компьютерді өз «үйлесіміне» сәйкес — терезенің түсін өзгертуге, жұмыс орнының түсі үшін өрнекті таңдауға немесе оған қолданушы өзі салған немесе стандартты суреттердің галереясынан алынған суретті салуға, команда мәтінінің қаріптерінің өлшемін үлкейтуге немесе кішірейтуге, маустың жылжу жылдамдығын орнатуға және т.с.с. баптауға болады. Біз сізбен Windows -тың кейбір баптауларын ғана қарастырамыз. Басты меню және Есептер панелінен басқа Windows-тың барлық баптаулары Басқару панелі деп алатын жүйелік қапшық арқылы орындалады. Бұл қапшықты ашу үшін әрекеттердің тізбегін орындаңыз:

Пуск Настройка Панель управления

Басқару панелі қапшығының терезесі ашылады (1-сурет), сіздің компьютеріңізде Бұл терезе басқаша көрінуі мүмкін, өйткені қосымша таңбашалар болуы, ал кейбір белгішелердің болмауы мүмкін.

Күнді және уақытты баптау. 7-сыныпта біз есептер панелі арқылыы күнді және уақытты баптауды қарастырдық, бірақ оларды Басқару панелі арқылы да баптауға болады.

Источник

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

  • Windows операциялы жйесі слайд
  • Windows операциялы жйесі дегеніміз не
  • Windows олд как удалить
  • Windows ож туралы жалпы тсінік
  • Windows образы для bochs