Windows операциялық жүйесі туралы жалпы мағлұмат.
Операциялық жүйе (ОЖ) — құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтығы. ОЖ программалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын, пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен программалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т.б.
Операциялық жүйелер (ОЖ) – бұлар кез келген дербес компьютердің аппараттық құрылғыларын толықтырады және де қолданбалы программалардың ішкі құрылғыларын, қарым-қатынасын, адамның сәйкес командалар көмегімен машинаны басқаруына мүмкіншілік тудырады. ОЖ – қолданушы мен программаның қорғалуын қамтамасыз етеді, программаны іске қосады, компьютерді басқарады. Әрбір программа ОЖ-нің қызметін қолданады, сондықтан да ол осы қызметті көрсететін ОЖ-мен жұмыс жасайды. ОЖ-ні таңдау өте қажетті, себебі таңдалған ОЖ-ге дербес компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігі мен деректер қорғалуының деңгейі тәуелді.
ОЖ құрылымы келесі модульдерден тұрады:
* Базалық модуль (ОЖ ядросы) – файлдық жүйемен программа жұмысын басқарады, сыртқы программа мен файл арасындағы алмасу және оған қатынас жасауды орындайды;
* Командалық процессор – бірінші кезекте пернетақтадан түсетін пайдаланушы командаларын орындайды және талдайды;
* Сыртқы құрылғы драйверлері – бұл құрылғылардың процессормен жұмыс істеуі үшін программалық қамтамасыз етіп отырады (әрбір сыртқы құрылғы ақпаратты әр түрлі және ерекше темпте өңдейді).
* Қосымша сервистік программалар (утилиттер) – пайдаланушының компьютермен байланысу процесін жан-жақты және ыңғайлы етеді.
ОЖ жүктелуі. ОЖ құрамындағы файлдар дискіде сақталады, сондықтан оларды жиі дискілік операциялық деп атайды. Белгілі, программаның орындалуы үшін ОЖ файлдары жедел есте сақтау құрылғысында (ЖЕСҚ) орналасуы керек. Сондықтан операциялықжүйеден ЖЕСҚ-ға жазу үшін жүктемелеу программаларын орындау керек. Олар компьютер қосылған кезде ЖЕСҚ-да болмайды. Бұл жағдайдан шығу үшін жедел жадыға ОЖ-ні жүктемелеудің келесі сатыларын тізбектей орындау керек.
ОЖ-ні жүктемелеудің бірінші сатысы.Компьютердің жүйелік блогында тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТСҚ-тұрақты жады, ROM – Read Only Memory-оқу үшін арналған жады) болады. Онда ОЖ-ні жүктемелеудің бірінші сатысы және компьютер блоктарын тестілеупрограммалары орналасады. Олар компьютерді қоса сала токтың бірінші импульсімен орындала бастайды. Өйткені ТСҚ-да ақпараттар электрондық схема түрінде сақталады да олар компьютерді өшірген кезде де сол қалпында қалады. Бұл сатыда процессор дискіге қатынасадыда, анықталған орнында өте үлкен емес көлемде жүктемелеу программасын тексереді. Егер бұл программа табылса, онда ол ЖЕСҚ-да оқылады да оған басқару беріледі.
ОЖ-ні жүктемелеудің екінші сатысы.Жүктемелеу программасы өз кезегінде дискіден ОЖ-нің базалық модулін іздейді де, оны жадыға көшіреді және басқаруды соған береді.
ОЖ-ні жүктемелеудің үшінші сатысы.Негізгі жүктемелегіш базалық модуль құрамына кіреді, ол ОЖ-нің қалған модульдерін іздейді де оны ЖСҚ-ға оқиды. ОЖ жүктемеленуі біткеннен кейін басқару командалық процессорға беріледі де, экран бетіне жүйеден түсетін пайдаланушы командасын енгізуге шақыру шығады.
Ескерту. Командалар жұмысы кезінде жедел жадыда міндетті түрде командалық процессор және ОЖ базалық модулі болуы тиіс. Сондықтан ОЖ файлдарын жедел жадыға бір уақытта жүктемелеу қажеттілігі жоқ. Құрылғылар драйвері мен утилиттер ЖЕСҚ-ға керек болған жағдайда ғана жүктемеленеді. Осының арқасында жүйелік программалық қамтамаға бөлінетін жедел жадының міндетті көлемін қысқартуға болады.
ОЖ-нің бірнеше ең көп тараған түрлері кездеседі. Олардың әрқайсысы процессор разрядтылығына (такт уақытында өңделетін ақпараттың биттік саны), поцессор типі, сондай-ақ ЖЕСҚкөлеміне негізделген. Компьютер мүмкіншіліктерінің дамуы барысында
пайдаланушы бұл ресурстарды қолдана алу үшін қазіргі заманға сай және күшті программалық құралдарды керек етеді. Мұндай сапалы Microsoft фирмасының ОЖ-лары қамтамасыздандыра алады. Мысалы, MS-DOS. Бұл ОЖ-нің қазіргі дербес компьютерлердің ақпараттық мүмкіншілігіне қатыса алатын дамыған құралдар.Олар:
* Каталогтардың иерархиялық құрылымына негізделген иілгіш файлдық жүйелердің жұмысы және құрылуы;
* Компьютер құрылымының модульдік принциптік қолдану әр түрлі сыртқы құрылымының көптеген санына әкеп тіреледі (принтерлер, плоттерлер, модемдер және т.б.);
* Пайдаланушының ыңғайлы интерфейсі.
IBM-PC типтес компьютерлерде келесі ОЖ қолданылады:
2. MS-DOS – ортасындағы Windows 3.1.
3. Windows95, Windows98/NT, UNIX, OS/2 т.б.
ОсыаталғанОЖ-ден 1992 жылышығарылған Microsoft фирмасы DOS операциялықжүйесінөңдеген, программистерменқолданушыларғаөтекеңкөлемдегімүмкіншіліктерменқолайлықтарбароперациялықжүйе. Windows-тың кеңінен қолданылуы IBM-PC – сәйкескомпьютерлерініңстандартыболыптабылады. Windows файлдармен, дискілермен жұмыс істеу операцияларына арнап қолайлы және айқын интерфейспен қамтамасыз етеді, сонымен қатар Windows ортасында іске қосылатын программаларға жаңа мүмкіншіліктер береді.
1985 жылы Microsoft фимасы Windows графикалықоперацияларжүйесін, ал 1990 жылы 3.0 версиясыншығарған 3.0 версиясынанбастап Windows-тыңкеңіненқолдануыарқасында, ол IBM тектескомпьютердіңстандартыболыптабылады.
Windows-тедискіменжұмысістеужүйесінеерекшекөңілбөлінген, осында IDE, ESDI, SCSI интерфейсконтроллерлерібар.
Windows терезесі.Windows-тыңкезкелгентерезесіэкранныңтөртбұрыштыаймағыболыптабылады. Терезеніңортасындатерезеніңатыжазылады, алоңжәнесолбөліктеріндежүйелімәзірдіңжинақтаужәнеашубатырмаларыбар.
Жұмыстыаяқтау. Windows-тажұмыстыаяқтауүшінбарлықбелсендіқосымшалардытоқтатыптерезелердіңбарлығынжауыпSHUTDOWNутилиттерінпайдаланукерек. Олжұмыстыаяқтаудыңқарапайымсұхбаттерезесінашады:
Windows ОЖ.Дискілік утилаттармен жұмыс.
Файлдық жүйе
Файлдық жүйе –бұл құрылым ядро жүйенің басқаруымен және жүйедегі жадыдағы пайдаланушыларға қатынас жасауға мүмкіндік береді. Жадыдағы қорлар әр түрлі информация тасушы жадыға кіргізеді: бұлар (иілгіш дискілер, CD-ROM, винчестер). Ядро осы қорларды бір иерархиялық құрылымға ұйымдастырады, ол / құжатта басталып және көптеген құжаттарға бөлініп басқа құжаттармен жұмыс жасайды. Ең басты құжат жоғарғы денгейі тұқым айтады.
Құжаттан басқа файлға өту үшін, файлдың атымен бірге оған өту үшін жолы көрсетеді.Атының жолы абсолютті (мысалы /tmp/afile) немесе оған кіруші (мысалы bmp/emacs). Файлдық жүйе – бұл операциялық жүйенің компоненті, ол файлды құрады, сақтайды және атаулы деректер жиынына қатынас құрады. Бұл атаулы деректер жиынын файл деп атайды.
Кластер (cluster) — 1) dos жүйесінде — диск кеңістігін бөлу кезіндегі оған жазылатын ең кіші көлемдегі мәліметтер бірлігі. Ол, әдетге, 512 байттан, бір немесе қатар орналасқан бірнеше диск секторларынан құралады. Кластерде әрбір мәліметтер бірлігі (том) үшін берілген секторлар саны тұрақты шама болады және бір кластер тек бір файлдың мөліметтерін ғана қабылдайды. Кластер көлемі кішірейген сайын әр файлдың соңында қалдырылатын бос орын шамасы да азаяды, бірақ әр кластерге файлдың орналасуы туралы қызметтік мәліметтер жазылатын болғандықтан, ол қызметтік ақпараттың жалпы көлемі ұлғаяды; иілгіш және қатқыл дискілер үшін — дискіде кеңістік бөлудің бірлігі. Кластер екі және одан да көп секторлардан тұрады.
Сектор — пішімдеу кезінде қатқыл немесе иілгіш дискіде жасалған центрлес жолшықтардың біреуінің сегменті; магниттік диск бетіндегі концентрлік шеңбер бойын қуалай орналасқан сызық жолға жазылатын ақпараттың негізгі бірлігін (ең аз көлемін) сақтайтын оның бір бөлігі. Ол сектор тақырыбы мен мәліметтер аймағынан тұрады. Сектордың стандартты көлемі 512 байттан құралады да, олар 1-ден бастап нөмірлемеді. Иілгіш дискілерде 15, 18, 36 сектор, ал қатты дискілерде 90 не одан да көп секторлар болады. Ең аз физикалық адрестелетін жад бірлігі.
Байт (Byte) — 1) ақпарат мөлшерінің бірлігі немесе 8 битке (екілік цифр) тең компьютердегі жад. Айтарлықтай ірі ақпарат бірлігі: 1 килобайт (Кбайт) 1024 байтқа тең, ал 1 мегабайт (Мбайт) 1042 Кбайтқа тең; 2) адрес иемдене алатын ең аз бірлік. Әрбір байт мәліметтердің бір таңбасына — әріпке, цифрға немесе символға сәйкес келеді. Байттар — компьютердің қуатын өлшеудің немесе оның дискілердегі сақтауыш құрылғысының сыйымдылығының стандартты бірлігі. Өңделетін ақпараттың нысаналық көлемі (жаңа есептеу құралдарында) — секундына 100 килобайт, өндеу көлемі — ақпараттың әрбір байтына 50—55 арифметикалық операция; 3) сегіз биттен және бір бақылау битінен түратын машиналық сөздің стандартты бөлігі. Әрбір байт компьютерде біртұтас бүтін ретінде өңделеді.
Дискета — көлемі үлкен емес, қажет ақпаратты жазып алып, тұрақты тұрде сақтауға болады. Дискеттердің диаметрі 3,5 дюйм, сыйымдылығы 1,44 Мбайт. Дискета мынадай негізгі компоненттерінен тұрады:
1. Тығыздығы жоғары идентификатор
2. Жұмыс алаңын қорғау пердесі
3. Жазудан қорғау терезесі
4. Дискеттің таңбашасы
Компакт диск – бұл металдан қапталған оптикалық диск, оның салмағы небәрі 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 640 Мб ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін зақымданудан сақтайтын арнайы қабығы бар. Компакт-дискілер арнайы орауышта сақталады.
Қатты диск(HDD-Hard Disk Drive) алмастырылмайтын дискілі магниттік жинақтаушы.
Қатты магниттік дискілер ферромагниттік материал қабатымен қапталған, бір оське бекітілген, металл корпусқа орналасқан және үлкен бұрыштық жылдамдықпен айналатын бір немесе бірнеше дискілерден тұрады. Дискілердің әр бетінде коп жолдардың болуына және дискілер санының көп болуына байланысты қатты дискілердің ақпараттық сыйымдылығы дискеттердің ақпараттық сыйымдылығынан он мыңдаған есе артық болуы және жүздеген Гбайтқа жетуі мүмкін.
Linux ОЖ.
Кіріспе
Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін Операциялық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған Операциялық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux, Mac OS (Darwin) және Unix.
Linux операциялық жүйесі көптеген жерлерде, яғни ұжымдық мекемелер мен ғимараттарында оқуда тегін және өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең таралды.
Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux өзінде қамтып тұр. Оны OS/2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі WindowsNT-дан жоғары, ал көпқолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы жасалған.
OS Linux-тің болашағы жоқ деп айтылуда. Бірақ бұл операциялық жүйенің он бір жылдық тарихы бізге керісінше ойлануға кепілдік береді.
Бұл жұмыстың мақсаты Linux-тің мүмкіндіктері мен жұмыс ережелерімен танысу болып табылады. Бөлімдерде операциялық жүйенің жалпы мағлұматтары және оны дербес компьютерде қондырудың процесі келтіріледі. Сонымен бірге операциялық жүйеде графиктік және мәтіндік режимдермен жұмыс істеуге болатыны көрсетіледі. Және де кейбір администраторлау мағлұматтары мен OS-тің жан-жақты қамтылуы беріледі.
Linux–те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP – серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.
Windows ОЖ
Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:31, реферат
Описание работы
Операциялық жүйе кез кедген компьютердің ең қажетті құрамдас бөлігі және ол компьютерді басқаруға, ақпаратты сақтауға , оған қосылған барлық құрылғылардың жұмысын ұйымдастыруға арналған программалардың жиыны болып табылады.
Операциялық жүйе адам мен компьютер арасындағы өзара байланысты қамтамассыз етеді.
Содержание
Кіріспе:
Windows операциялық жүйесі.
Негізгі бөлім:
Windows операциялық жүйенің қызметтері.
Электр механикалық құралдардың даму кезеңдері.
Қорытынды бөлім:
ЭЕМ даму тарихы.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Работа содержит 1 файл
Мазм.doc
- Негізгі бөлім:
- Windows операциялық жүйенің қызметтері.
- Электр механикалық құралдардың даму кезеңдері.
- Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- Windows операциялық жүйесі
- Операциялық жүйе кез кедген компьютердің ең қажетті құрамдас бөлігі және ол компьютерді басқаруға, ақпаратты сақтауға , оған қосылған барлық құрылғылардың жұмысын ұйымдастыруға арналған программалардың жиыны болып табылады.
- Операциялық жүйе адам мен компьютер арасындағы өзара байланысты қамтамассыз етеді.
- WINDOWS операциялық жүйесіндегі жаңа нұсқасының атауындағы ХР әріптері eX Perience деген ағылшын сөзінің бөлігі болып табылады, ол “ өмір тәжірибесі ”, “білім” дегенді білдіреді
- WINDOWS сөзінің өзі терезе деген мағынаны береді
Жұмыс істеудің бастамасы
- . Жүйелік блогының алдыңғы бөлігінде орналасқан Power деп аталатын қосу / өшіру батырмасын басып , оны іске қоса аламыз
- Операциялық жүйе жүктеледі де, экранда Windows XP жүйесі жүктелуін білдіретін қыстырма бет пайда болады. Экранда бір – бірін ауыстыратын бірнеше қыстырма беттер пайда болуы мүмкін. Жүктелу аяқталғаннан кейін Windows – тің жұмыс үстелінің бейнесі пайда болады. Экранда Добро пожаловать в Windows терезесі пайда болады, жұмыс жасау үшін оны экраннан алып тастау керек
Windows xp -графикалық операциялық жүйе, оның нагізгі объектілері терезе мен белгішелер түрінде бейнеленеді.
Windows –тің объектілеріне қапшықтар, файлдар, терезелер, таңбашалар, белгішелер мен тышқан нұсқағышы жатады.
2,1 – сурет 2,2 — сурет
WINDOWS – ТЫҢ БАСҚАРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
- Жұмыс үстелінің терезесінде объектілерден басқа басқару элементтері де болады. Оларға “Іске қосу” (пуск) батырмасы, бас меню, меню жолындағы меню мен командалар
- Команда деп осы команданаң белгішесіне тышқан нұсқағышын апарып шерткенде орындалатын әрекетті айтамыз.
- Командалар ұзын немесе қысқа болады
- Қысқа команда деп белгішенің суреті бар меню жолына шерткенде , бұл программаның қосу әрекетінің орындалуын айтамыз.
- Ұзын команда деп біз белгілі бір нәтежеге : программаны іске қосуға немесе құжатты ашуға әкелетін әрекеттер тізбегін орындауға нұсқау беруді айтамыз.
Мысалы: Іске қосу Барлық программалар Ойындар Орамал
Windows –тен шығу, жұмысты аяқтау
- Жұмысты дұрыс аяқтау білу керек, әйтпесе компьютерде сақталатын программалар да, жүйенің өзінде де қолайсыз жағдайлар болуы мүмкін.
- Пуск Выключить компьтер Выключение батырмасын басу керек. Процесс аяқталғаннан кейін компьютер автоматты түрде өшеді
- Егер Перезагрузка ( қайта жүктеу) батырмасын таңдасаңдар, компьютерді өшірмей іске қосады.
- Ждущий режим батырмасын басқанда компьютерді өшірудің ерекше режимі таңдалады. Барлық ақпарат компьютердің жадынан қатқыл дискіге жазылады, компьютер өшеді. Келесі компьютерді қосқанда жад күйі дискіден қалпына келтіріледі, жұмысты жалғастыра беруге болады
Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің калған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.
Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін Операциялық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған Операциялық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux, Mac OS (Darwin) және Unix.
Операциялық жүйенің айырмашылықтарының бірі:
- Бірнеше бағдарламаны бір уақытта жегуге мүмкін етеді.
- Бағдарлама жазуды оңайлатады, себебі бағдарламаның жабдықтарды басқару қажеті пайда болмайды. Бұкіл жабдық пен бағдарламалардың өзара әрекеттесуін Операциялық жүйе басқарады. Бұған қоса бағдарламаға жабдық пен басқа бағдарламалармен әрекеттесуге жоғары деңгейлі тілдесуді қамтамасыз етеді.
- Windows операциялық жүйенің қызметтері.
Компьютерде орын алатын әр әрекет, артта өтетін қызмет болсын, бағдарлама болсын, үдіріс ретінде өтеді. Компьютер фон Нейман құрылымына негізделген жағдайда, процессор бір мезетте тек бір процесті өндей алады. MS-DOS секілді ескі жүйелерде бұл тосқауылды айналып өту үшін еш амал жоқ болғандығынан, бұларда бір мезгілде тек бір үдіріс қана өте алатын.
Ал осы заманғы Операциялық жүйелер болса, тіпті жалғыз процессорде де бір мезетте бірнеше үдіріс (бірнеше тапсырманы) орындауды мүмкін етеді.
Операциялық жүйе, қыс. ОЖ — компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа.
Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б..
Яғни ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ – ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды.
Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге МS (РС) DOS, Windows 95, Windows NT,OS/2, UNIX жатады,Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық — бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы.
Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді. Көптеген ІВМ — үйлесімді компьютерлер дискілік МS DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады.Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады.
Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады.
Сервистік программалар — әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар «қосымшалар» (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатътн қуатгы мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік продессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т.б.), ғылыми мөселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.
Жүйелік үзілісті ұйымдастыру
Мысалы, программаны орындау кезінде нөлге бөлу кездессе, ол оның мүмкін емес екенің хабарлап, машина жұмысын тоқтатады ; клавиатурадан символ терілсе, ол процессордың осының алдаңдағы ағымдық жұмысына үзіліс жасайды. BIOS – тың құрамында сыртқы құрылғылардың жұмысын басқару драйверлері де бар. BIO.COM (IBMIO.COM) – BIOS жүйесінің жұмысын ьолықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды. DOS.COM (IBMDOS.COM) – ның жұмысы – пайдаланушының программалары мен түрлі информацияны дискіге тиеу не одан оперативті есте сақтау құрылғысына ендіру, дискіде тиулі программаны жою және т.б.. Ол жад ұяшықтарымен орындалатын жұмыстарды да басқарады. COMMAND.COM – ның негізгі жұмысы – пайдаланушының программаларымен берілгендерді жадқа ендіру және өндеу. COMMAND.COM – ды командалық процессор деп те атайды. Ол ішкі не реззиденттікдеп аталатын түрлі командаларды да орындайды (DIR, COPY, REN, DELETE, CD, MD, RD, DATE, TIME, VER т.б..)
Есептеу желілері операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік, операциялық жүйелерге NovellWare, Windows NT, OS/2, Warp Unix кіреді. Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік құралдар бар.
Желілік операциялық жүйе
Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
- ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;
- желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы;
- ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы;
- ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;
- ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.
Компьютерлік желілерді аймақтық таратылу дәрежесі бойынша классификациялауға болады. Оларды ауқымды (глобальный), аймақтық (региональный) және жергілікті (локальный) желілер деп бөлуге болады.
Windows объектілі — бағытталған платформасы
Программалық өнімдерді өңдеудің қазіргі технологиясы обьект ұғымы негіз болатын объектілі-бағытталған программалаудың концепцияларында жұмыс жасайды. Интерактивті режимде жұмыс мүмкіндігі пайдаланушыға көрнекі графикалық саймандарды және әр түрлі көмектерді қолдануды ұсынады.
Объектілі-бағыттаушы программалаудың фундаментальды мінездемелері:
- Компьютерлік әлемде объектілермен жұмыс жасайды;
- Компьютердегі есептеу объектілер арасында мәліметтер алмасу жолымен жүзеге асырылады. *Объектілер хабарламаларды жіберу және қабылдау арқылы өзара әрекеттеседі.
- Хабар беру – әрекет орындау үшін берілетін сұраныс. Әр объект басқа объектілерден тұратын байланыссыз жадтан тұрады;
- Әр объект өзіне байланысты объектілердің қасиетін көрсететін класс болып саналады;
- Класта объект тәртібі көрсетіледі, сондықтан осы класқа жататын барлық объектілер бірдей әрекеттерді орындайды;
- Барлық кластар иерархиялық құрылымды құрайды.