Меню Рубрики

Windows ты стандартты осымшалары

Сабақ жоспары: Windows-тің стандартты қосымшалары

Windows XP-дің негізгі cтандартты программалары:

1) программа-көрсеткіш Проводник,

2) графикалық редактор Paint,

3) Мәтіндік редакторлар Блокнот және WordPad

6) Мультимедиялық программалар жиынтығы «Развлечения»,

7) Қызметтік негіздегі программалар: Архивация данных (Деректерді мұрағаттау), Дефрагментация диска, Очистка диска (Дискті тазалау), Таблица символов (Символдар кестесі) және басқалар,

9) Телефондық жүйемен байланыс ұйымдастыру программаларының жиынтығы Связь (Байланыс).

Стандартты программалар мәзірі ПУСК батырмасын басу арқылы жұмысқа қосылады (сурет 1). «Пуск» батырмасын басқан соң «Программы» жолын таңдау керек, сонан соң пайда болған бағыныңқы мәзірден «Стандартные» жолы таңдалады. Стандартты программалар тізімінен қажетісін таңдау керек.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары: Windows-тің стандартты қосымшалары»

САБАҚ ЖОСПАРЫ №______

Сабақтың тақырыбы: Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары

Көрнекіліктер: плакат «Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары»,

Құрал — жабдықтар: дербес компьютерлер, проекциялық аппарат, жекелеме тапсырмалар

Білімділік: Оқушыларға Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары: WordPad, Paint, Қойын дәптер, Күнтізбе, Калькулятор, Сағат, Дыбыс жазу, Медиаплеер, Терминал жайлы түсінік бере отырып, олардың кеңейтілуі, ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері туралы мағлұмат беру;

Дамытушылық: Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламаларымен жұмыс жасай білу дағдыларын, практикалық шеберліктерін дамыту шығармашылық қабілетін, қызығушылығын арттыруға ықпал ету;

Тәрбиелік: Оқушылардың шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, өзіндік ойын жеткізу білуге жағдай жасау.

Пән аралық байланыс: сызу, математика.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Дербес компьютердің аппараттық қамтамасыз етілуіне не жатады?

2. Дербес компьютердің программалық қамтамасыз етілуі дегеніміз не?

3. Программалық жасақтама деген не?

4. Қолданбалы программалық жасақтама деген не?

5. Жүйелік деңгейдің қызметі қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ
Windows XP-дің негізгі cтандартты программалары:

1) программа-көрсеткіш Проводник,

2) графикалық редактор Paint,

3) Мәтіндік редакторлар Блокнот және WordPad

6) Мультимедиялық программалар жиынтығы «Развлечения»,

7) Қызметтік негіздегі программалар: Архивация данных (Деректерді мұрағаттау), Дефрагментация диска, Очистка диска (Дискті тазалау), Таблица символов (Символдар кестесі) және басқалар,

9) Телефондық жүйемен байланыс ұйымдастыру программаларының жиынтығы Связь (Байланыс).

Стандартты программалар мәзірі ПУСК батырмасын басу арқылы жұмысқа қосылады (сурет 1). «Пуск» батырмасын басқан соң «Программы» жолын таңдау керек, сонан соң пайда болған бағыныңқы мәзірден «Стандартные» жолы таңдалады. Стандартты программалар тізімінен қажетісін таңдау керек.

Блокнот мәтіндік редакторы Блокнот программасы қарапайым мәтіндік редактор болып табылады. Ол АNSI форматтағы, яғни форматы жоқ, мәтіндік кұжаттарды дайындауға және өңдеуге арналған. Мұндай формат қызметтік файлдарға, мысалы АutoЕХЕС.ВАТ және ІNI кеңейтулі файлдар, беріледі. Блокнота мәтінді өңдеуге қажетті әрекеттердің ең аз мөлшері қолданылады. Бұл программаның негізгі қасиеті оның өте жылдам жұмысқа қосылуы және жұмыс істеуі. Бұл ортада кұрылған файлдарға .tхt кеңейтуі беріледі. Блокнот программасы құрамды кұжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде пайдаланылады және қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді.

Көптеген әрекеттерді пернетақтады жылдам шақыру батырмаларын басу арқылы орындатуға болады:

CTRL + C – көшірме алу

CTRL + A — барлығын белгілеу

CTRL + Z – болдырмау

WordPad мәтіндік редакторы. Мәтіндік редактор WordPad, барлық мәтіндік редактор сыяқты мәтіндік құжаттарды кұруға, өңдеуге және қарастыруға арналған. Блокнот редакторымен салыстырғанда тағы да бір маңызды функцияны — кұжатты форматтауды жүргізе алады. Құжатты форматтау ол — шрифтердің бірнеше түрін қолдану, мәтіннің шеттерін теңестіру, құжатқа басқа табиғатты объектіні (мысалы, сурет) енгізу, ағып өту мүмкіндіктерінің болуы.

WordPad кұжаттарға өз бетімен PTF кеңейтуін береді. Сонымен қатар WordPad МS DOS мәтіндік форматымен және Unicode мәтіндік форматтарымен жұмыс істей алады және осы форматтарда сақтай алады.

WordPad программасы кұрамды кұжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде ғана емес, қолданба-қабылдаушы ретінде де пайдаланылады, қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді және ОLЕ объектілерді ендіру және байланыстыру технологияларын қолдануға мүмкіндік береді.

WordPad мәтіндік редакторында пернетақта арқылы басқару жүргізу үшін мына жылдам шақыру батырмаларын қолдануға болады:

CTRL + Z – болдармау

CTRL + C – көшірме алу

CTRL + Н- алмастыру (ауыстыру)

CTRL + А – барлығын белгілеу

Калькулятор. Калькулятор программасы стандартты (калыпты) режимде қарапайым арифметикалық есептеулерді жүргізуге арналған (Калькулятор бетіндегі төменгі сурет) және инженерлік режимде (Калькулятор бетіндегі ортадағы сурет). Калькулятордың жұмыс режимі жатық мәзірдегі Вид арқылы таңдалады.

Инженерлік режимде Калькулятор есептей алады:

1) негізгі және кері алгебралық және тригонометриялық функцияларды, гиперболалық функцияларды;

2) екілік, сегіздік, ондық, он алтылық есептеу жүйелерінде берілген сандармен логикалық әрекеттерді.

Стандартты режимде жұмыс істейтін калькуляторда, сандық және арифметикалық амалдар (* — көбейту, / — бөлу, + — қосу, — — алу, sqrt — квадрат түбір табу, % — пайыз табу, 1/х — кері шаманы есептеу, үтір — бүтін мен бөлік арасындағы белгі, +/- — санның таңбасын өзгерту, = — есептеуді аяқтау) батырмаларымен қатар, мынандай батырмалар бар:

С — жаңа есептеуді бастау

СЕ — терілген санды алдындағы арифметикалық амалмен бірге өшіреді,

МС — жадыдағы санды өшіреді,

МК — жадыда сақталған санды индикаторға шығарады,

МS — калькулятор индикаторындағы санды жадыға жібереді,

М+- индикатордағы санда жадыдағы санмен қосып, қосындыны жадыда сақтайды,

Васкsраsе — кейінгі терілген цифрды өшіреді.

Стандартты калькуляторда бір жадылық регистр бар. Калькулятордың жадысында сан бар екендігін жоғарғы сол жақ бұрышта «М» әріпінің пайда болуы көрсетеді.

Сілтеуіш — программа (қолданба), көмегімен файлдық жүйедегі кезкелген объектіні (бума не файл) және олармен қажетті әрекеттерді орындауға болады. Сілтеуіш көмегімен қолданбаларды жұмысқа қосуға, құжаттарды ашуға, файлдар мен бумалардың көшірмесін алуға не көшіруге, дискеттерді форматтауға, Интернеттегі Wed-беттерді көруге болады және т.б. Сілтеуіш интерфейсы қолданушы үшін түсінікті түрде жасалған.

Сілтеуіштің негізгі жұмыс өрісі екі тақтадан (кейде үш) тұрады.

Оң тақтада, орналасуы мекен-жай жолында көрсетілген, буманың кұрылымы шығады. Осы тақтадағы буманы тышқанмен екі шертсе, онда бума ашылып, онын кұрылымы осы тақтада көрсетіледі.

Сол жақ тақтада бумалар денгейлерінің иерархиялық кұрылымы көрсетіледі. Бума есімі алдындағы «+» белгісі, бумада ендірілген бумалар бар екендігін көрсетеді. Осы буынды тышқанмен шертсе, бума ашылады да, онда ендірілген бумалар көрсетіледі, ал буын белгісі «-» ауысады. Бұл белгіні шертсе, буын бұрынғы қалыпқа келіп, бума жабылады. Егер сол жақ тақтадағы буманы шертсе (белгілесе), оның кұрылымы толығымен оң жақ тақтада көрсетіледі.

Сілтеуіш программасындағы негізгі жылдам шақыру батырмалары:

CTRL + Z – болдармау

CTRL + C – көшірме алу

CTRL + А- бәрін белгілеу

Графикалық редактор Раіnt Графикалық редактор Раіnt растрлық, нүктелерден тұратын, суреттерді кұру (салу), өңдеу және қарастыру үшін қолданылады. Алмасу буферіндегі суреттін көшірмесін Раіntта әрі қарай оңідеуге алуға болады. Раіntта кұрылған суретті басқа құжаттарға қоюга немесе Жұмыс үстелінің фондық суреті ретінде пайдалануға болады. Раіntта сканермен алынған суретті көруге және өзгертуге болады.

Көптеген бұйрықтарды жылдам шақыру батырмалары көмегімен пернетақта арқылы орындауға болады.

CTRL + Z – болдырмау

CTRL + C – көшірме алу

CTRL + А – бәрін белгілеу

CTRL+ F- суретті көру

CTRL+ R- шағылыстыру/бұру

CTRL+ W- созу/еңкейту

CTRL+ I- қарсы түске өзгерту

V. Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту

Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту мақсатында «Жалғастыр» әдісі орындалады. Берілген кестедегі бірінші бағанада стандартты бағдарламалардың атаулары көрсетілсе, келесі бағанада стандарттық бағдарламалардың атқаратын қызметі беріледі. Тек олардың орындары шатастырылып берілген. Оқушылар бірінші және екінші бағананы бір-бірімен дұрыс тауып, жалғастыруы керек.

Есептеулер жасауға арналған

Қажетті құжаттарды, бумаларды іздеу

Қарапайым сызбалар тұрғызу

ДК-ге жалғанған қосымша компьютерді іздеу

Қажетті адам, мекен-жай жайлы мәлімет алу

Көңіл көтеру бағдарламалары: «Дыбыс жазу», «Аудиоплеер»

Қарапайым мәтіндік құжаттар даярлау

ДК-де арнайы эффектілерді қолдану

Әуендер тыңдау, жаңа ауен жазу

Қызметтік бағдарламалар тізбесі

Қарапайым мәтінге обьекті кірістіру

Дискілердің жұмысын тексеру

ДК-де орнатылған уақытты өзгерту

Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Дәулетқұлов «Информатикадан 30 сабақ» 11 – сабақ 127 – 133 беттер,

А.Г.Гейн, А.И.Сенокосов «Информатика» 3 – тарау, §9 Windows операциялық жүйесі. 4 – 5 – Зертханалық жұмыстар. 41 – 59 беттер.

VII. Оқушылар білімін бағалау, сабақты қорытындылау

Источник

Лекция №11. Windows-тың стандартты қосымшалары.

Дәрістің мақсаты: стандартты бағдарламалармен таныстыру.

Жоспар:

1. Windows ортасын баптау

2. Стандартты программалар

3. Қызметші міндетті стандартты программалар

Кілттік сөздер:қосымшалар, калькулятор, блокнот, мультимедия.

Иллюстрациялық материал: слайд.

Windows операциялық жүйесі қолданушыға ортаны баптауға арналған көптеген құралдарды ұсынады. Олардың барлығы Панель управления бумасында орналасады. Оны шақыру негізгі меню арқылы орындалады Пуск/Настройка/Панель управления. Барлық құралдарды екі топқа бөлуге болады.

1-жүйелік баптауға арналған құралдар класы – құрал-жабдықтарды баптауға және қосымшаларды орнатуға арналған: программаны орнату және өшіру, екі немесе одан да көп монитор қосу, құрал-жабдықтар орнату, тестілеу, конфигурациялау.

2- қолданбалы интерфейсін баптауға арналған құралдар — жүйенің сыртқы түрін өзгертуге арналған: уақыт және мерзімді орнату, жұмыс үстелін безендіру.

Windows операциялық жүйесі нің стандартты программаларына Paint – графикалық редакторы, WordPad – мәтіндік редактор, Калькулятор, Бокнот және бейнелермен жұмыс жасауға арналған Imaging программалары, Связь программалық кешені, Развлечения мультимедиалық кешені жатады.

Windows операциялық жүйесі құрамына компьютерде күшті бағдарламалық орталар орнатқанға дейін күнделікті қарапайым жұмыстарды атқаруға арналған шектеулі қолданбалы бағдарламалар енеді. Windows операциялық жүйесімен коса қамтамасыз етілетін мұндай бағдарламаларды стандартты багдарламалар деп атайды. Стандартты бағдарламаларға WordPad-мәтіндік редакторы, Блокнот, Калькулятор, Раіпt бағдарламасы кіреді. Құжаттар мен мәтіндерді дайындау — дербес компьютерлерді пайдаланудың кең таралған жолының бірі. Бұл салада компьютерлер тек баспа машинасының ролін ғана атқарып қоймай, құжаттарды дайындағанда, көптеген қосымша мәселелерді шешуге мүмкіндік береді және ұшан теңіз жұмыстарды шығармашылық еңбекке айналдырады. WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік кұжаттарды құру мүмкіндігін береді. WordPad құжатында мәтін мен абзацты форматтауға, шекараларын жылжытуға, шегіністерді орнатуға, әр түрлі қаріптерді пайдалануға, графикалық бейнелерді, дыбыстық үзінділерді және бейнеклип қоюға болады.

Компьютердің сандық ақпараттармен жұмыс атқару мүмкіндігін Windows-тың көмекші бағдарламасы Калькулятор аркылы көруге болады. Сонымен катар Калькулятор қосымшасы компьютердің сандық ақпараттармен жұмыс (мысалы, санды бір жүйеден екінші жүйеге ауыстыру, логикалык арифметика принциптері, есептеу дәлдігін анықтау және т.б.) істеу принципін тереңірек түсінуге көмектеседі. Жүйеде калькулятордың екі Қарапайым және Инженерлік түрлері бар.

Источник

Windows – тың стандартты қосымшасы

Стандарттық бағдарламаларды іске қосу

Бағдарламаны іске қосу кез келген операциялық жүйенің, оның ішінде Windows жүйесінің де, негізгі қызметтерінің бірі болып саналады. Бұрындары Windows жұмыстың құжаттық межеленген мәнерін қолдайды деп бағаланған. Бұл жұмысты бағдарламаны іске қосудан бастамай, бірден құжатты ашудан бастайды дегенді білдіреді. Операциялық жүйеге осы құжатты таңдағаннан және көрсеткеннен кейін ол автоматты түрде, құжаттың файлын кеңейту бойынша, көмегімен құжат әзірленген бағдарламаны анықтайды да көрсетілген құжатты ашады.

Егерде бағдарлама опреациялық жүйеге дұрыс орнатылса, онда, әдеттегідей, негізгі менюдің Барлық бағдарламалар (немесе Бағдарламалар) пункітінің каскадтық менюінде осы бағдарламаның атауы жазылған жол бар, ал жұмыс үстелінде оның жарлығы бар болуы мүмкін. Windows XP-нің операциялық жүйесінде аса жиі пайдаланылатын бағдарламалардың атауы негізгі менюдің сол жақ аймағына жеке жол түрінде автоматты түрде енгізіледі. Сонымен бірге, пайдаланушы да кез келген бағдарламаның атауын негізі менюге өз бетімен енгізе алады не/немесе Жұмыс үстеліне оның жарлығын дайындай алады.

Соңғы кезде орындалған жұмыстың құжаттарын операциялық жүйе автоматты түрде тіркейді де негізгі менюдің Құжаттар пунктінің каскадтық менюіне енгізеді. Бағдарлама секілді пайдаланушы да кез келген құжаттың атауын өз бетімен негізгі менюге енгізе немесе Жұмыс үстеліне оның жарлығын орналастыра алады.

Жұмыс үстелінен іске қосу

Егерде бағдарламаның, қапшықтың немесе құжаттың жарлығы Жұмыс үстелінде тұрса, онда бағдарламны іке қосу немесе қапшық пен құжатты ашу барлығынан оңай.

Жұмыс үстелінен бағдарламны іке қосу және қапшық пен құжатты ашу тәсілдері:

— бағдарламаның, қапшықтың немесе құжаттың таңбашасы бойынша екі рет шертуді орындау керек;

— Жанама менюден объектінің таңбашасын ашу жолын таңдау керек;

— Tab не/немесе ←↑→↓ пернелерінің көмегімен керекті таңбашаны ерекшелеп, содан кейін Enter пернесін басу керек. с помощью клавиши Tab и/или клавиш ←↑→↓ выделить нужный значок, затем нажать клавишу Enter.

Негізгі менюден іске қосу

Кез келген меню үшін бағдарламаны іске қосу немесе құжатты ашу стандартты тәсілмен жүргізіледі: негізгі менюді ашу қажет және онда бағдарламаны іске қосуға арналған Барлық бағдарламалар жолын немесе құжатты ашуға арналған Таяудағы құжаттар жолын таңдау керек. Содан кейін ашылған каскадтық деңгейде керекті бағдарламаның немесе құжаттың атауы бар жолды таңдау керек. Кейбір жағдайда негізгі менюдің бірнеше деңгейін ашуға тура келеді.

Сілтеуіштің терезесінен іске қосу

Елерде Жұмыс үстелінде жарлық жоқ болса, ал негізгі менюде керекті бағдарламаның немесе құжаттың жолы болмаса, бағдарламаны іске қосуды немесе құжатты ашуды Сілтеуіштің терезесінен орындауға болады. Бірақ ол үшін алдымен ресурстар тізімі бойынша қажетті бағдарламаның немесе құжаттың файлына орын ауыстыру керек. Ең қолайлысы көп жағдайда қапшықтар бұтағын пайдалану.

Керекті файлға орын ауыстыру процесінде қателесіп басқа қапшықты немесе басқа дискілік құрылғыны таңдауға болады. Ол кезде бұрын сипатталған тәсілдермен бір деңгей жоғары қайтуға немесе қапшықтар бұтағындағы таңбаша бойынша шертіп керексіз қапшықты орауға болады. Көрініс аймағында ізделінген файлдың атауы пайда болғаннан кейін бағдарламаны іске қосу немесе құжатты ашу іс жүзінде жарлықты пайдаланған кездегідей орындалады.

Источник

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

  • Windows ты басаруын орнату
  • Windows требуется файл sims2ep9 exe
  • Windows требуется файл launcher exe
  • Windows требуется файл javaw exe
  • Windows требуется файл iw5sp exe